Қаржы министрлігі ұрлық фактілерін анықтады

Қаржы министрлігі ұрлық  фактілерін анықтады

Әдетте жемқорлық сынды нашар әдеттерді әшкерелеу, оларды құқықтық жауапкершілікке тарту мәселесі тек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің құзырындағы шаруа секілді сезілетіні бар. Іс жүзінде қазіргі таңда жемқорлықпен күрес және мемлекеттің бюджет қаражатының өнімді пайдаланылуы мен әділ де жемісті жұмсалуын қадағалау,  мемлекеттік бюджет қаражатын ұрлауды анықтау және оның жолын кесу Қаржы министрлігінің де міндеттеріне жататындығын білген жөн.  

Биыл жаз мезгілінде министрліктің тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесі негізінде ішкі мемлекеттік аудит жүргізу нәтижесінде бірқатар ұрлықты анықтаған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің сайтында хабарланды. 

Таратылған ақпаратта «бірнеше айдың ішінде 36 білім беру ұйымында 1 млрд теңгеден астам сомаға ұрлық фактісі тіркелді» делінген. 

Күдікті операцияларды талдау тәсілі олардың ең көп таралған түрін анықтады. Мәселен, қосарлы (екі түрлі) есепке алу мен еңбекақыны асыра бағалау деректері дәлелденді. Атап айтқанда, № 48 Ақтөбе орта мектебінің құжаттарында есепшінің жалақысы жылына 700 мың теңгеден сәл артық болғаны жазылса, іс жүзінде оның картадағы шотына ай сайын шамамен 3-5 млн теңгеге дейін аударылып келген. 

Екінші кең таралған алаяқтық – жалған қызметкерлерге ақша аудару. Құжаттар бойынша жалақы бірқатар адамға жіберіледі. Ал, шындығында, оны басқа тұлғалар кәдеге жаратып отырған. Мысалы, Қарағандының №33 балабақша кешен-мектебінде ондаған қызметкерге қаражат аударылғанымен, жымысқы әрекетке сәйкес тиісті ақшаны екі есепші карталарына аударту арқылы иемденіп келген. Келтірілген шығын мөлшері – 207,4 млн теңге.

Үшінші заңсыз амал – бюджет қаражатын әдеттен тыс жоғары мөлшердегі сомамен аудартуды қайталау. Нақты айтсақ, Петропавл қаласының №42 орта мектебінің бас есепшісі мен информатика пәнінің мұғалімі 2023 жылы айына 3 реттен артық жалақы алып отырғаны әшкере болды. Бұдан келген шығын көлемі – 69 млн теңге.

Бұл заңды белден басудың тек ең танымал жолдары  ғана. Осы ретте Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың бюджетін қалыптастыру және бухгалтерлік есеп жүргізу процестерін автоматтандыру есебінен нақты уақыт режімінде тиісті бақылауды күшейтіп жатқанын айта кетейік.

«Мемлекеттен бөлінетін қаражатты басқару саласындағы ашықтық пен айқындылықты арттыру, сондай-ақ аудитті күшейту, қаржылық есептіліктің неғұрлым қатаң және тиімді жүйелерін енгізу мемлекеттік бағдарламаларды жақсартып, әлеуметтік салаға арналған инвестицияларды ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
28.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 113
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 166
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 36
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 116
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 112
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 166
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 215
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 219
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 206
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 216
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 220
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 216

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11323
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10258
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13503
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12457
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17465