ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Соңғы жылдары халықтың қаржылық сауатын арттыру бойынша жұмыстар жандана түсті. Бұл ең әуелі Мемлекет басшысының Жолдауларында көрініс тапқаны есімізде. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауатын арттырудың маңызын атап өтіп, «AMANAT» партиясына Үкіметпен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. Осы маңызды тапсырманы жүзеге асыруға белсене кіріскен «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қазірге дейін аталмыш жоба аясында талай игі істер атқарып, қаржылық сауаттылықты арттыруды көздейтін оқу курстарын көптеп өткізіп жатыр. Жақында ғана Астана қаласы «AMANAT» партиясы Есіл аудандық филиалында «Қазпошта» БПҰ жоба аясында қаржылық сауатын арттыру бойынша оқу курсын өткізді. Мұнда курстан өтушілерге қаржы сарапшысы, ментор Жұлдыз Ахметова дәріс оқыды. Қаржылық сауаттылықты арттырудың тиімділігі мен басым бағыттары туралы баяндаған Жұлдыз Манарбекқызының баяндамасы тыңдаушыларын баурап алды. Шараны ұйымдастырушылар курстан кейін қатысушыларға куәліктер табыстап, алған білімдерін өзгелерге де үйрете жүруге, сол арқылы халықтың қаржылық сауатын арттырып, ақаусыз қоғам қалыптастыруға атсалысуға үндеді. «AMANAT» партиясы бұл жоба аясында көптеген іс-шараларды атқарғаны белгілі. Осы игі іске Қаржы министрлігі де айрықша көңіл бөліп, «Қарызсыз қоғам» жобасының одан ары жалғасуына ықпал етіп келеді. Биыл ақпан айында басталған оқу кезінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі міндетін атқарушы Ерұлан Жамаубаев сөз сөйлеп, барша қатысушыларға ақжарма тілегін арнаған еді. – Халықтың шамадан тыс несие алуы – өте өткір мәселе. Миллиондаған адам көмек пен қолдауға зәру. Еліміздегі экономикалық белсенді халықтың 15%-дан көбінде 90 күннен астам уақыт төленбей келген несие берешегі бар. Бүгін еліміздің барлық өңірінде халықтың қаржылық сауатын арттыруды көздейтін жаппай оқыту курсы бастау алды. Жоба сарапшылары әр азаматқа жеке-дара көмек көрсетеді. Ешқандай мәселе ескерусіз қалмайды, – деді вице-премьер өз сөзінде. «AMANAT» партиясы жетекшілерінің айтуынша, 2024 жылдың соңына дейін еліміздің 20 өңірінде 200 мың адамды оқыту жоспарланып отыр екен. Мұнда ЖОО-лар мен колледж студенттеріне арналған оқу құралдары әзірленуде көрінеді. Егер жоспар толығымен жүзеге асатын болса, 100 мың студент пен 450 мың оқушыны қаржылық сауаттылық бойынша үйретуге мүмкіндік бермек. Осы бағыт бойынша басталған жұмыстар бір сәтке де тоқталған жоқ. Шілденің 18-і күні «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында мұғалімдерді қаржылық сауаттылықты оқыту дағдыларына үйретуді бастады. Мұнда ең алдымен ел бойынша барлығы 7500 мектеп, колледж және университет мұғалімдері оқытылады. Жоспар бойынша жаңа пән жаңа оқу жылында оқу бағдарламасына енгізілмек. Астанада оқу семинарының қатысушыларымен кездескен Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов бұл жобаның маңыздылығы мен мақсаты туралы арнайы тоқталып өтті. – Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше назар аударды. Президент Үкіметпен бірлесіп бұл бастаманы жалпыұлттық жобаға айналдыруды және оның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Бұл жұмысты ең алдымен мектеп пен ЖОО-дан бастау керек. Біздің Президентіміздің негізгі саясаты – реформаларды халық үшін және халықпен бірге жүргізу. Сондықтан біз, сіздерді, мұғалімдерді шақырып, қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыс істегіміз келеді, – деді Ерлан Жақанұлы. Мәжіліс Спикері бұдан бөлек мемлекет халықтың қарыз жүктемесін азайту бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатқандығына арнайы тоқталып өтті.

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
14.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509