Қасиетті мекен — Айша бибі ауылының ажары ашылып келеді. Өткен жылы орталықтағы Жібек жолы көшесіне тротуар төселсе, 300 орынды мектептің құрылысы бел ортадан асты. Жер теліміде кезекте тұрған азаматтарға берілген.
Бүгінде орталық стадионды қалыпқа келтіру және дене-шынықтырумен айналысатын бөлмелердің іші-сыртына әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауылға қойған жоспарларымыз бар. Кесене мен мектептің маңынан туристік орталық салу, сондай-ақ жергілікті әкімдік мен Мәдениет үйінің орта тұсына медресенің, ауылға кіреберістен әмбебап спорт кешенінің құрылысы жүргізілетін орындарды ауыл азаматтарының қатысуымен белгіледік.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік және мәдени нысандар көрнекі жерден еңсе көтеруі қажет.
Аталған нысандардың жер құжаттарын рәсімдеу бойынша сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Алла амандағынын берсе, жоспарларымыз кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.