«Қауіпсіз қала»

«Қауіпсіз қала»

 

Орал қаласында осындай атаумен қауіпсіздікті қадағалау бағытында акция өтуде.

Акция аясында қаладағы жағажайлар маңындағы қауіпсіздік, көшелердегі ашық люктер, трансформаторлар және балалардың ойын алаңдары басты назарға алынуда. Бұл акция туралы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының менеджері Гаухар Азаматқызы берген мәліметке сүйенсек, аталған іс-шара облыстық төтенше жағдайлар департаментімен және жергілікті атқарушы органмен бірлесіп өткізілген. 

– Люктерге арналған қақпақтар панацея емес және көп жағдайда ұрлық объектілері болып табылады. Осыған байланысты еліміз бойынша ашық люктер – шешілмеген және өткір проблемалардың бірі. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен және қалалық, облыстық мәслихат депутаттарының бірігуімен қала шетіндегі аумақтарға рейд жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ашық, қоршалмаған трансформаторлар анықталып, жауапты лауазымды тұлғаларға ескертулер берілді. Ал көшелерде ашық қалған люктер бойынша жауапты мекемелер ақпараттандырылып, олар бүгінгі таңда қалпына келтірілді. Сонымен қатар тұрғындарға рұқсат етілмеген орындарда суға шомылу қауіпсіздігін түсіндіру мақсатында рейд жұмыстары жүргізілді.   Демалушыларға үнпарақтар таратылып, заң бұзған жағдайда айыппұл салынатыны ескертілді, – деді филиал менеджері.

Әлеуметтік желілер арқылы да ақпараттар таратылып, адамдарға, соның ішінде балаларға қауіпті трансформаторлар мен люктер, басқа да заттар көзге түскен жағдайда, тиісті мекемелер мен жедел әрекет ету орталықтарына шұғыл беру керектігі жайлы ескертілді.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
24.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 161
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 382
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 349
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 966

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9042
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9428
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646