ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – ДАМУҒА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – ДАМУҒА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

Қауіпсіз қоғам – барша адамның арманы. Қауіпсіз қоғамда өскен ұрпақ та алаңсыз тірлік кешеді. Оқиды, көңілдеріне бәрін тоқиды. Қауіпсіз қоғам дамудың ақ бастауы іспеттес. Әділдік пен парасат құстың қос қанатындай қатар қанат қағады. Қоғамда мейірімділік пен қайырымдылық еңсесін көтереді. Адамдар бір-біріне жәрдемдесіп, керек жерінде көмек қолын созып, қоғамның ажарын кіргізеді. Қауіпсіз қоғам елдің дамуына негіз болмақ. Осы орайда қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы туралы айта кеткен жөн.

Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жж. арналған тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге кірісті.  Ол мемлекеттік органдардың, кәсіби полицияның және қауымдастықтың ынтымақтастығы және бірлестігі нәтижесінде құқық бұзушылықтың алдын алудың тұтас жүйесін құрудың негізі болады.         

Тұжырымдаманың негізгі басымдықтары:

– құқықтық мемлекеттің негізі ретінде қауіпсіз қоғам құру үшін жағдай жасау;

– азаматтардың өмірін, денсаулығын, мүлкін және құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау;

– қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қолданыстағы тетігін ғылыми деректер мен серіктестікке негізделген қазіргі заманғы алдын алу жүйесіне айналдыру;         

Шетелдердің озық тәжірибесін ескере отырып, одан әрі іс-қимыл стратегиясы әзірленуде.         

Құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді тетіктерін құру көзделуде.         

Қылмыс – бұл тек полиция қызметіне ғана байланысты әлеуметтік құбылыс емес екенін ескере отырып, Тұжырымдама шеңберінде мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді осы жұмысқа тартып, барлық мүдделі тараптармен және азаматтармен әріптестік орнату жоспарлануда, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша есеп берудің ашық жүйесін қалыптастыру көзделуде.  Сонымен қатар, Тұжырымдамада полиция жұмысын түрлендіру, бюрократиялық жүйеден қоғамның қажеттіліктеріне, адамға бағытталған,  клиентке бағытталған модельге көшу шаралары бекітіледі.

Қауіпсіздік – адамның жетекші қажеттіліктерінің бірі. Қауіпсіздік сезімінсіз адамның толыққанды өмір сүруі және оның жеке басының дамуы мүмкін емес. Полиция, ТЖМ, медициналық және басқа да түрлі мемлекеттік мекемелер азаматтардың қоғамдағы осы қажеттіліктерін жабады. Олардың жұмысының тиімділігінің айрықша көрсеткіші ретінде Қазақстанның бейбітшілікті сүйетін елдер рейтингіндегі орнын қарастыруға болады. Мәселен, 2023 жылы Экономика және бейбітшілік институты (IEP) мен Сидней университеті сарапшыларының бейбітсүйгіш елдер рейтингіне сәйкес Қазақстан 163 елдің ішінде 76-орынды иеленді. Индекс 23 критерий бойынша есептеледі. Оның ішінде: қылмыс пен сотталғандар саны, азаматтар арасындағы сенімсіздік дәрежесі, саяси тұрақсыздық және т.б. Мұнда Қазақстанның орны емес, оның өткен жылмен салыстырғанда рейтингтегі орнының өзгеруі маңызды – еліміз жиырма бір орынға көтерілді.

Мемлекеттік деңгейде елдегі қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, 2023 жылдың басында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы әзірленді. Тұжырымдаманы дайындаумен мүдделі мемлекеттік органдарды, жұртшылықты, ҮЕҰ, ұлттық және халықаралық сарапшыларды тарта отырып, ҚР ІІМ айналысады. Ағымдағы жылдың мамыр айында egov.kz сайтында осы Тұжырымдаманы онлайн-талқылау өтті. Оның міндеті – әртүрлі аспектілер мен бағыттарды қозғайтын елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің одан әрі стратегиясын анықтау. Бағыттардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың полициямен және жұртшылықпен бірлесіп өңірлік қауіпсіздік мәселелерін шешуі; жәбірленушілерді қорғау; полиция жұмысын трансформациялау; мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның барлық институттарын зорлық-зомбылыққа төзбеушілік атмосферасын құруға тарту және т.б. бар.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамы жаңарды. Бұл туралы комиссия төрағасы Аида Балаева айтты. Жыл басында елордада аталған комиссия өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылап, 2024 жылға арналған міндеттерді айқындады. Зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балалардың құқығын қорғау тетіктері күшейтіледі. Ол үшін арнайы заң жобасы әзірленді. Сондай-ақ, 12 зерттеу ұйымын біріктірген ұлттық консорциум құрылды. Бұл жайлы ұлттық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Жиында комиссия төрағасы Аида Балаева адамгершілік және отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты міндеттерге тоқталды. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева: «2023 жылы комиссия қызметі нәтижелі болды. Мемлекет басшысы атап өткен басымдықтарға сәйкес былтыр әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді зерделеуге ерекше мән беріп, халықаралық ұйымдардың арасында сұранысқа ие диалог алаңына айналды. Сарапшыларымыздың қатысуымен әлеуметтік кодекс әзірленіп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы және қылмыстық кодекске  өзгерістер енгізілді. Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленді. Өткен жылы елімізде 69 әйел мен 7 бала қарабауыр ер-азаматтардың қолынан қаза тапқан. Тұрмыста қорлық көріп, ерінің зорлығынан зәбір шеккен әйелдер де көп. Әке қатігездігінің құрбаны болған бала да аз емес. Жан түршігерлік жағдайлардың дені шалғай аймақтарда болады. Мамандар осылай дейді. Түйткілді мәселенің түйінін тарқату үшін «Саламатты Қазақстан» пойызы елді мекендерді аралады. Онда әйелдер мен балаларға медициналық, психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді».

ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы, ұлттық комиссияның мүшесі Нәзипа Шанай: 

«Зорлық-зомбылықтың ең сорақысы ауылдық жерде болып жатыр. Ауылда бір полицей болатын болса, ол полицейге жаңағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелге бара алмайды. Себебі бір ауылдың ішінде бәрі бір-біріне таныс, туыс. Барғанның өзінде «қойшы, ертең жарасып кетесіңдер» дегенмен, міне, солай өмір өтіп бара жатқан, соңы өлімге әкеліп соғатын жағдайлар толып жатыр. Елде «One Stop Service» жобасы іске қосылды. Онда әйелдерге тегін құқықтық және психологиялық көмек көретіледі. Қазірдің өзінде 36 қылмыстық іс бойынша қолдау жасалды. Қоғамда дүрбелең тудырған 11 іс ерекше бақылауға алынды. Сондай-ақ, жоба аясында адвокаттарға арнайы әдістеме әзірленді». 

Заңгер, ұлттық комиссияның мүшесі Айман Омарова:

«Президент жанындағы ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқығын қорғайды. Солай деп айтсақ болады. Бүткіл жасап жатқан жұмысымыздың барлығы соған бағытталады. Ол – бір. Екіншіден, осы жылы өте керемет жоба –  «One Stop Service», осыны бастадық. Жарты жыл болдық.  Ал ІТ мамандары әйелдер әлеуетін арттыру мақсатында «It-Aiel» бағдарламасын іске қосты. Онда нәзік жандылардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетіледі. Жаңа кәсіп игеріп, табыс табуына жағдай жасалады. Ілкімді істің игілігін қазірдің өзінде 2 мыңнан аса әйел көріп үлгерді. Сондай-ақ, балалар арасындағы буллинг пен суицид болдырмау мақсатында бірқатар бастамалар қолға алынды».

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 56
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 582
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 696
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 611
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 620

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8756
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8156
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9139
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10370