Қауіпсіздік пен білім сапасы – басты назарда

Қауіпсіздік пен білім сапасы –   басты назарда

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Атырау өңіріне жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында «Дарын» балабақшасы мен «Жайық-Бином» және Ә.Жангелдин атындағы мектептерді аралап, білім беру сапасы, оқу процесі және материалдық-техникалық базамен танысты. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, министр мектепке дейінгі білім беру деңгейін оң бағалап, цифрландыру, оқушылар қауіпсіздігі мен оқыту сапасына ерекше назар аударды.

Кездесу барысында ұстаздар бастауыш сынып оқулықтарының мазмұнына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Министр бұл мәселелерді назарға алып, нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ педагогтердің жүктемесін азайту, артық есептілікті қысқарту және білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатыны айтылды. Бұдан бөлек, «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаларын қоғам өміріне кеңінен енгізу мәселесі талқыланды.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірге жұмыс сапары аясында «Келешек мектебіне» барып, білім ордасының жұмысымен танысты. Сондай-ақ педагогтердің сауалдарына жауап берді. Кездесу барысында білім сапасын арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Министр жаратылыстану-математика бағыттағы пәндердің оқу сағаттары мен мазмұны қайта қаралып, бастауыш сынып бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін айтты.

Сондай-ақ 5-7 сыныптарға «Конституция негіздері», 8-9 сыныптарға «Заң және тәртіп» пәндерін енгізу, ал 10-11 сыныптарда «Құқық негіздерін» оқытуды міндеттеу жоспарланып отыр. Оқушылардың білім деңгейін бағалау мен сауаттылығын арттыру мақсатында мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізілетінін жеткізді.

– «Келешек мектебі» үшін үш негізгі қағида – тазалық, тәртіп және педагогтердің бірсарынды жұмыс істемеуі. Ол тек білім ордасы ғана емес, елдің ертеңіне қызмет ететін білімді ұрпақты даярлайтын маңызды орта болуы қажет, – деді ол.

Министр өңірдегі білім сапасының жақсарғанын, сондай-ақ соңғы төрт жылмен салыстырғанда 55,5%-ға жеткенін айтты. 2025-2026 оқу жылында 300-ден астам оқушы республикалық, ал 27 оқушы халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанған. Министр өңірде білім беру саласындағы жұмыстардың жүйелі жүргізіліп жатқанын жеткізді.

А. ХАМИТТЕГІ
16.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25301
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24799
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42230
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38084
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42571