Қазақ театрларында қандай тарихи спектакльдер қойылып жүр?

Қазақ театрларында қандай тарихи спектакльдер қойылып жүр?
Өнер арқылы да қоғамға тарихты насихаттауға болады. Оған Қазақстандағы медиа, кино және тағы басқа шығармашыл саладағы контенттер дәлел. Мысалы, еліміздегі театрлар тарихи оқиғаларды қойылымдарының тақырыбына арқау еткен. Бүгінгі материалдаҚазақстандағы театрлардың сахнасында тарихқа негізделіп қойылған спектакльдердің топтамасын жасадық.

“Қазақтар” драмасы

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрындақойылған тарихи драманың бірі — жазушы-драматург Қалихан Ысқақ пен Шахимарден Құсайыновтың “Қазақтар” деген қойылымы. Оның қоюшы-режиссеры — Тұңғышбай Жаманқұлов. «Қазақтар» қойылымының басты идеясы — көрерменге азат болуды, біртұтас ел болуды аңсаған қазақтардың өз хандығын құрудағы жолын, бастан кешкен қиын тағдырын көрсету. 

ХV ғасырдың екінші жартысында Алтын орда ыдырап, төрт мемлекетке бөлінеді. Оның бір бөлігін Әбілқайыр хан билейді. Әбілқайыр ханнан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрады. Міне, дәл осы Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның Қазақ хандығын сақтап қалу мен нығайтудағы, ел бірлігі мен жер тұтастығын қорғау жолындағы күресі «Қазақтар» қойылымында көрсетіледі.

театр қазақтар
Фото: Tengrinews.kz

«Абылай ханның ақырғы күндері» қойылымы

Абылай хан — қазақтың 18-ханы. Ол қазақ тарихындағы ең ұлы билеушінің бірі болған. Алматылық көрермендер Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрынан Абылай ханның Қазақ хандығына қосқан үлесін, саяси жолын, оның стратегиясын “Абылайханның ақырғы күндері” қойылымынан біле алады. 

Қойылымда Абылай ханның өмірінің соңғы үш күні баяндалады. Режиссер осы уақыттағы Абылай ханның арманын, еңбегінің жемісін, өкінішін, күйінішін, саяси жолын зерделеп, өз-өзіне есеп бергенін әдемі суреттеген. Оған қоса Абылай хан мен Бұқар жыраудың арасындағы байыпты диалогтар көрсетілген. Қойылымды қойған режиссер — Маман Байсеркеев.

театр тарих
Фото: Аuezov-theatre.kz

«Нартәуекел» қойылымы

Астанадағы Жастар театрында «Нартәуекел» қойылымы көрсетіліп жүр. Бұл — Абылай ханның ерлігі туралы қойылым. ХVIII ғасырда қазақтарға жоңғарлар шабуыл жасайды. Сол уақытта қазақтар ұлт ретінде жойылу алдында тұрады. Осы уақытта жауға төтеп беру үшін, қазақтардың басын біріктіретін адам керек болды. Ол 18 жастағы Абылай еді.

Абылай ханның ұстанымы «Нартәуекел» болған деседі. Қойылымда Абылайханның жоңғарлармен күресіп, қазақ халқын қалай аман алып қалғаны көрсетіледі. Қойылымның режиссеры — Нұрқанат Жақыпбай. 2017 жылы бұл қойылым республикалық фестивальде «Тарихи тақырыптағы ең үздік режиссура» және Абылайдың рөлін сомдаған актер Әділ Ахметов «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды.

театр тарих
Фото: Abai.kz

«Мағжан» қойылымы

Түркістан музыкалық драма театрында «Мағжан» спектаклі қойылып жүр. Режиссеры — жас драматург Алмас Нүсіп. Қойылымда Мағжан Жұмабаевтың ағартушылық өмірі, махаббаты, қызметі сахналанған.

1916-1918 жылдардағы, 1921-1922 жылдардағы және 1929-1933 жылдардағы ашаршылық тарихта ең ауыр кезең болып қалды. Құрғақшылық, жұт, Ресей билігінің халықтың малын тәркілеуі, Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа шаруаларды тіршілік көзінен айырды. Нәубеттің салдарынан миллиондаған халық қаза тапты. Сол уақытта Міржақып Дұлатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев сияқты Алаш зиялылары қазақтың қамын ойлаймын деп қуғын-сүргінге ұшырады. «Мағжан» қойылымында Мағжан Жұмабаевтың тағдыры арқылы ашаршылық кезеңі көрсетіледі.

театр тарих
Фото: Ult.kz

«Жусан иісі» қойылымы

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары КСРО құрамында болған 15 мемлекеттің халқы үшін қиын кезең болды. Оның ішінде қазақтар да бар. Әкелер мен жас жігіттер майдан шебіне кетіп, оралмай жатты. Бүгінгі жеңістің артында үлкен қасірет пен қиын жылдар тұр. Өкінішке қарай, жылдан-жылға осы екінші дүниежүзілік соғысты өз көзімен көріп, әңгімелеп беретін ардагерлер азайып барады.

Дегенмен батырларды, олардың бастан кешкен ғұмырын, тарихты ұмытпаудың тағы бір амалы бар. Ол — түрлі салада тарихи оқиғаларды дәріптеп, жастарға жеткізіп отыру. Мәселен, Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі желісі бойынша қойылым сахналанды. Қоюшы режиссер — Жұлдызбек Жұманбай.

Қойылымда соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігі сипатталады. Сюжет желісі бойынша, бас кейіпкер — әке-шешесінен айырылған, әжесімен бірге тұратын Аян деген кішкентай бала. Әжесі екеуі жаңа ауылға көшіп келеді. Повесте де, қойылымда да соғыс жылдарында өмір сүрген Аян және басқа балалардың, ауыл тұрғындарының өмірі, майданға аттанған әкелеріне, бауырларына деген сағынышы, ауыр күндері әдемі сипатталады.

Оған қоса автор балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген балалардың қалай есейгенін, майданның олардың психологиясына қалай әсер еткенін көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, көрермен қойылымда бас кейіпкер кішкентай Аянның тағдыры арқылы соғыс уақытында өмір сүрген қазақтардың тағдырын көре алады.

тарих театр
Фото: Musrepov.kz

Қойылымды қойған режиссер Жұлдызбек Жұманбай театр арқылы жастарға тарих, мәдениет туралы ақпарат беріп, рухын оятқысы келгенін айтады.

Соғыс туралы әңгімелер, соғыс жылдарында түсірілген фильмдер адамның жүрегінде мәңгі сақталады. Батырларымыздың ерлігін ұмытуға болмайды. «Жусан иісі» де сол мақсатты көздеген еді. Ол қойылымда соғыс кезіндегі қиын күндер баяндалып, сол кездегі балалардың Отанға деген махаббатын жеткізуге тырыстық. Олар тай-құлындай тебісіп ойнақтайтын кезінде соғысқа кетті. Отаны үшін жанын берді. Театр — айна. Одан өзіңді көресің. Театр тарихқа көз салып қарайды. Сондықтан ел мен жерге арналған қойылымдар болса, өз Отаныңа деген махаббатыңның қаншалық екенін саралауға болады, — дейді ол.

Турдыбекова ТУМАРИС
14.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 30
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 66
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 27
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 33
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 28
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 62
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 66
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 265
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 261
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 883

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8956
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8350
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11576
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9334
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10560