«Қазақ тілі» қоғамдары қайта құрылып жатыр

«Қазақ тілі» қоғамдары қайта құрылып жатыр

АстАнАлық облыстың ортАлығы КөКшетАудА «ХАлықАрАлық «ҚАзАқ тілі» қоғАмы» қоғАмдық бірлестігінің АқмолА облыстық филиАлының АлғАшқы жиыны «Достық» үйінде өтті. ЖиынғА өңірдегі үш қАлА мен АудАндАрдың филиАл төрАғАлАры қАтысты.

Жиынды ІшКі сАясАт бАсқАрмАсының бАсшысы АлтынАй БАйқАдАмқызы Ашып, бірлестіК жұмысынА тАбыс тілеп, мемлеКеттіК тілді дАмыту, мәртебесін Көтеру, АнА тілін АрдАқтАудА әр қАзАқ ұлттық сАнА-сезімін оятудың қАжеттілігіне тоқтАлып, филиАл төрАғАлАрынА сенім жүКтеді. Келесі КезеКте сөз АлғАн «ҚАзАқ тілі» қоғАмының облыстық филиАлының төрАғАсы Е. НұғымАнов бірлестіКтің мАқсАт-мүддесі, қызмет АтқАрудАғы бАсым бАғыттАры жАйлы АудАндық филиАлдың төрАғАлАрынА АқылКеңес беріп, АлдА АтқАрАтын жұмыстың жобАсын тАлқылАуғА сАлды.

Облыстық филиалдың төрағасы Ермек Бекенұлы: – Өткен жылы Түркістанда өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VI құрылтайында қазақ тілінің мүшкіл халі жайлы қатты сын пікірлер айтылып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін «Қазақ тілі» қоғамдарын қайта жандандыру қарастырылған. Осыған орай «Қазақ тілі» қоғамы жоқ облыс, аудандарда қайта құру көзделген. Міне, бүгінгі күні біздің облыстың барлық қала, аудандарында филиалдар құрылып, төрағалары тағайындалды. Аудандық филиалдар келесі кезекте адам саны көп ауыл, кенттерде мемлекеттік тіл – қазақ тілін насихаттайтын бастауыш топ құрып, жұмыс жасауды қолға алатын болады. Бүгінгі күні тіл мәселесі өткір мәселе болып тұр. Бұл мәселені де есте ұстағанымыз абзал. Бұл жайлы мемлекет басшысы Ұлытауда өткен құрылтайда «Біздің елде ұлтына, тіліне бола ешбір азаматтың құқы шектелмеуге тиіс. Әйтпесе, қоғамда жанжал тууы мүмкін. Ел ішіне іріткі түскенін қалайтындар осыны тілеп отыр. Сондықтан тіл мәселесі бойынша дауласуды қою керек» деп айтты.

Ана тіліміздің тұғыры күн өткен сайын нығайып келе жатыр. Жаңадан құрылған бастауыш ұйымдар ана тілін меңгеруді балабақшадан бастағаны жөн. Өскелең ұрпақ ұлттық құндылықтардың нәрімен сусындағанда ғана саналы, өркениетті ел бола аламыз. Қоғамның мақсаты – халыққа, жас ұрпаққа қазақ тілін, мәдениетін, әдебиетін, тарихын таныту, ұлттық тәрбиеге баулу. Сонымен қатар қазақ ұлтының әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын сақтап, оны одан әрі дамыту. Қазақ және басқа этнос өкілдерінің басын біріктіріп, мемлекеттік тілде сөйлеудің қажеттілігі, оны құрметтеудің үлгісін көрсету. Сіздерге бірлестіктің алдағы мақсаты, оның 4 бағытын таныстырып, осы мақсатты әрі қарай жетілдіруді ұсынамын. Атап айтар болсақ, біріншіден, мемлекеттік тілдің заңнамалық базасын жетілдіру және оның орындалуын талап ету

Екіншіден, қазақ тілін және сол арқылы ұлттық құндылықтар мен ұлт мәдениетін, ұлттың жаңа болмысын насихаттау.

Үшіншіден, қоғамның барлық саласында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және сапасын арттыру.

Төртіншіден, қазақ тілін оқыту және оның әдістемелік, практикалық қолданбалы базасын жетілдіру.

Төрағалар, өздеріңіз ана тіліміз – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде асқан белсенділік танытып, нақты бастамалар көтеріп жұмыс жасайды деп сенемін. Қазақстанда мемлекетті құрушы ұлт – қазақ ұлты. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілді білуге, сөйлеуге, жазуға міндетті. Осы міндетті түсіндіру, талапты орындауда, құрметті әріптестер, бірлесіп жұмыла жұмыс істейтін боламыз, – деді.  

Жиынға қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Көкшетау қалалық филиалының төрағасы Е.Атамбай, Степногорск қалалық филиалының төрағасы Берікбай Шұғайұлы секілді жиынға қатысушылар ойын ортаға салды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл бүгінде мемлекеттік тілдің тұғырына қонбай тұрғанының себеп-салдарын атап өтіп:

– Билік қазақша сөйлемей, қоғам қазақша сөйлемейді. Биліктің төңірегіндегі азаматтардың 90 пайызы қазақтар. Өкінішке орай, олар тіл мәселесіне салғырт, мән бермейді. Ұлттық болмыс ұғымынан алыстап кеткен. Ұлттық мемлекет боламыз деген талпыныс, ұлттық намыс болса, шешілмейтін мәселе де болмайды. Қолды байлап отырған ең үлкен қателік – енжарлық, құлдық сана. Қазақ тілінің көркеймей тұруы – мемлекеттік тілге қажеттілік туындамауында. Қажеттілік болса, адамдар әрі кетсе үш айда қазақша сайрап кетеді. Кеңес кезінде қысым түскенде орысша дым сезбейтін қазақ бір айда сайрап кеткен дейді көзі қарақты ағалар. Мемлекеттік тілге деген қажеттілікті билік басындағылар принципті түрде көздемей отыр. Билік те, халық та, соның ішінде өз қазағымыз қазақтығымызды танып, намысымызды жанып, келешек ұрпақ, мемлекетіміздің тұтастығы үшін мемлекеттік тілде жетік сөйлеп, жаза білуіміз керек. «Тілі жоғалған ұлт жоғалады» деген нақылды әр қазақ естен шығармасын, – деді.

Жиын барысында ономастика, мемлекеттік тілдегі жарнама жайы да қозғалды. Облыстағы ономастика, сыртқы жарнама жайлы ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Д.Қоспанов, бас маман Ә.Жұмағұлова көпшілікке таныстырды. Ономастика жайында біршама сауалдар қойылып, ой-пікір, ұсыныстар айтылды. Жиын соңында қоғамның күнделікті жұмыстарына қатысты әдістемелік оқу құрал, кітапшалар таратылды. Аталған көрнекті құралдар ішінде И.Бекзатқызының 2022 жылы құрастырған «Ақмола облысының тарихи топонимдері» атты жинағы да бар. Бұл жинаққа орыстанып кеткен жер-су аттарын байырғы қазақ атауына қайтаруда ұстанатын құнды құжат болады деп, өңір жұрты сенім артып отыр. Іске сәт!

 

Дахан Шөкшир, Ақмола облысы
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 9
СОЗАҚТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ӨТУДЕ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 18
Бақылау шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - 24.04.2024 41

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 984
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7035
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10878
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7103
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7243