Талас ауданы, Қаратау қаласында қазақ күресінен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында Қолбасшы Қойгелдінің 320 жылдығына арналған республикалық ашық турнир өтті.
Турнирге Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары, Тараз қаласы мен Мойынқұм, Шу, Сарысу, Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Қордай, Т. Рысқұлов, Меркі және Талас аудандарынан кілең мықтылар жиналды.
Жарыстың ашылу салтанатына Амзебек Жолшибеков, Тараз қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сембек Сейдазимов, Талас ауданы әкімінің орынбасары Айтолқын Абдибекова, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев қатысты.
Қызықты әрі тартысты өткен турнирде бозбала палуандар боз кілемде күш сынасып, өзара мықтыларды анықтады.
Жарысты өткізудегі басты мақсат - қазақ күресін дәріптей отырып, жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухын көтеріп, жас палуандардың спорттық шеберліктерін арттыру.
Жарыс қорытындысы бойынша жекелей салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мінбе төрінен көрініп, марапатталды.