Қазақстан әскерилері Түркияда оқу-жаттығуын өткізіп жатыр

Қазақстан әскерилері Түркияда оқу-жаттығуын   өткізіп жатыр

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі: «Қазақстан Қарулы күштерінің жауынгерлері Түркияның Измир қаласындағы «Доғанбей» полигонында өтіп жатқан «Эфес – 2022» көпұлтты жауынгерлік оқу-жаттығуына қатысуда. Оқу-жаттығу әскери шеберлік пен жауынгерлік машық деңгейін арттыруға, сондай-ақ арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығын жетілдіруге бағытталған. Одан бөлек, маневрлерге қатысу әскерлердің белгілі бір тобының құрамында өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді. Бірінші кезең компьютерлік техника мен электрондық-есептеу жүйелерін қолдану арқылы командалық-штабтық оқу-жаттығу түрінде өтеді. Ал екінші кезеңді біріккен бөлімшелерде жауынгерлік атыспен бірге практикалық іс-қимыл түрінде өткізу жоспарланған. Ал 28 мамыр – 9 маусым аралығына жоспарланған белсенді фаза барысында әскери қызметшілер құрлықтағы және теңіздегі операцияларды бірлесіп пысықтайтын болады», – деп хабарлайды.

    Биыл «Эфес – 2022» оқу-жаттығуына шамамен 40 елдің әскери қызметшілері қатысып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Қарулы күштерінің құрылымында арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылғанын атап өткен жөн.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
19.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

«АРЫҚ СӨЙЛЕП,  СЕМІЗ ШЫҚ!»
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе – Қандыағаш – Жем - 31.08.2025 76
Көтердім 51 пұт кірдін тасын
Б.МЕРГЕНБАЕВ, «Аманат» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі - 31.08.2025 101

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17066
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16909
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32098
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30693
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34331