«Qazaqstan dauiri » газеті Тәуелсіздіктің төл құрдасы

«Qazaqstan dauiri » газеті Тәуелсіздіктің төл құрдасы

2008 жыл. Бұл жыл газет үшін өте өнімді материалдар қамтылған жыл болды. Саясаттан «Дүние жүзінде өз тілінде сөйлемейтін жалғыз ғана мемлекет бар. Ол – Қазақстан», «Ғарыш айлағын ұлттық мүддемізді аяқасты ету үшін жалға берген жоқпыз», «Үкімет пен Парламент арасындағы «сұрақ-жауап» ойыны», «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін», «Мемлекеттік тілге мемлекет бетін бұрса, сең де сөгіледі, тоң да жібиді» (Р.Әшеева), «Қазаққа Қытай несімен қауіпті?», «Қап тауынан ызғар есіп тұр», «Екі оттың арасынан дін аман шығу оңай емес», «Айырқалпақтылар «соқыртеке» ойнауға көшті», «Қазақ «қара алтынның» қызығын қашан көреді?», «Аузын айға білеген АҚШ кімнен үрейленеді?», «Келімсектер еліне айналып барамыз», «Ауға шабақтар ғана түсіп, шортандар сытылып кетпесін десек...», «Жолдауда не айтылып, не айтылмай қалды?», «Балқан тауда дүрбелең», «Билік «о’кей» десе, халық «қой, ей» дейді», «Өз үйіңді өзің қорға, әйтпесе...», «Таулы Қарабақ тәуелсіздік ала ма?», «Үштіктің ниеті Батысты шошындырып отыр», «Баспанасыз зар илеген қазақтың жетім күйін кім күйттер?» (Е.Сахариев), «Билік БАҚ заңына қиянат жасап отыр» (Тамара Калеева), «Қытай Ақсай Қазақ автономиялық ауданы аждаһа араны алдында» (М.Исахан), «Тілімізді тірілтпейінше, рухымыз асқақтай алмайды» (Дандай Ысқақ), «Қазақ жер сатып байыды ма?», «Президент Үкімет пен Парламент құзырын кеңейтуі керек» (Амалбек Тшановпен сұхбат, Д.Танабасов), Экономикадан «К.Мәсімов басқаратын Үкімет қауқарсыздығының 12 себебі», «Зейнетақы қорларының болашағы кімнің қолында?», «Газ бағасын кім реттейді?», «Компаниялар мен алпауыттар ел қазынасын сүліктей сорып отыр», «Болашақ зейнеткер нені ескеруі тиіс?», «Бюджеттің жыры бітпейді», «Бюджет қаржысы жемқорлар үшін емес» (Р.Әшеева), «Наубайхана өндірісін қалай өркендетеміз?» (Б.Бүркітбайұлы), «Білім шырағы» айдарымен «Балбөбек жадын кім бірінші жауласа, бала сонікі», «Ел боламын десең, оқулығыңды түзе!», «Ғылымға барымташылық жасау – қылмыс», «Кәсіптік білім беру мекемелері бәсекеге лайық па?», «Халің қалай, ауыл мектебі?» (Ш.Жылқыбаева), «Бала тағдырын шешуде тестілеуде жаңалық көп», «Қазақ жастары майсөк мамандықтарға неге құлықсыз?» (Р.Әшеева), «Имандылық нұры» айдарымен «Халқымыздың 11 пайызы өзге діни секталарға кеткен» (Абдулла Бақадыр), «Қожа Ахмет Иассауи бабамыз кім?» (М.Исахан), «Зікіршілік – Ислам негіздеріне қайшы емес» (Бахтияр Мирамұлымен сұхбат, Темірбек Жексембекұлы), «Жаһандану заманында бірінші орында әйел мәселесі тұру керек» (Шәмша Беркімбаева), «Ұлттық мүдде» айдарымен «Этносаралық қатынасты қалай реттеуге болады?», «Қазақстанды қалай қуатты мемлекетке айналдырамыз?» (пікірсайыс, М.Исахан), «Кірбіңі көп Кереку өңірі» (Қуандық Көшебе, Думан Танабасов), «Орыс шовинизміне қарсы тұра алатын күш бар ма?» (Сәкен Өзбекұлы), «Ұлылыққа ұмтылғандар ұялса етті» (Асқар Сәрсенбай), «Ассамблея ұлтаралық тұрақтылықтың кепілі бола ала ма?» (Гүлжанат Шонабай), «Тәуелсіздіктен айырылсақ, барлығынан адыра қаламыз» (Р.Әшеева), «Тарих қатпары» айдарымен «Бабаларға тартқан қасиетті жол» (Сансызбай Құттыбаев), «Шыңғыс хан – қазақ, ал қазақтың өзі – Ұлы Түрік қағанатының бірден-бір мұрагері» (Қайрат Закирьяновпен сұхбат, Думан Бықай), «Тарих» айдарымен «Отаншылдық, ұлтшылдық һәм қазақшылдық үлгісі Мұстафа атамызда» (Қасымхан Бегмановпен сұхбат, Балнұр Ахметова), «Қытай сахарасындағы сары ұйғырлар» (М.Исахан), «»Шыңғыс ханның ұлты кім?» (Жұмабай Омаров), «Қара қасқа атты Қазыбек батыр» (С.Байқадиұлы), «Армысыңдар, сарбаздар» айдарымен «Әскери оқу-жаттығу, барлық шаралар қазақ тілінде өтеді», «Айбынды әскері бар алашымның» (Базарбай Исаев), «Шекарашының рухы болмаса, қарудан еш қауқар жоқ» (Қ.Әбілқайыр) сынды сүйекті мақалалар оқырманға жол тартты. Бұдан басқа бұл жылы «Жанайқай», «Әлеумет», «Дін», «Қоғам», «Денсаулық», «Түркі дүниесі», «Ұлттық рух», «Намысың қайда, қазағым?!» айдарлары бойынша едәуір мол материалдар жарық көрді. 2008 жылы газетте жас қаламгерлерді қолдау мақсатында әредік-әредік «Үлпек» атты жас ақын-жазушылар шығармашылығына арналған әдебиет беті шығарыла бастады. Бұл жылдың ең үздік мақаласы – «Шыңғыс хан – қазақ, ал қазақтың өзі – Ұлы Түрік қағанатының бірден-бір мұрагері» (Қайрат Закирьяновпен сұхбат, Думан Бықай). 

Ермек САХАРИЕВ, Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 857
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6926
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10764
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6998
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7138