«Qazaqstan dauiri» газеті және «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымына!

«Qazaqstan dauiri» газеті және «Мөлдір бұлақ» журналының  ұжымына!

Қадірлі әріптестер! Мерейтойларыңыз құтты болсын! 

Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін іле-шала, нақтырақ айтсақ, бір ай бір күннен кейін дүниеге келген «Qazaqstan dauiri» газеті міне, бүгін 30 жасқа толып отыр. 

Бұл үлкен қуаныш, мерейлі мереке. Егемен елімізбен қатар жасасып келе жатқан бұл басылымда қазақтың небір қабырғалы ақын-жазушылары, қаламы жүйрік журналистері еңбек етті. Бұл газет қаншама таланттың белін буып, қаламын ұштап, шығармашылықтың биік шыңдарына жетеледі. Яғни, осы басылымнан қаншама мықтылар өсіп-өніп шықты. Міне, Қалтай Мұхамеджанов, Марат Тоқашбаев, Жұмабай Шаштайұлы сынды қаламгерлердің әр жылдары осы басылымға басшылық етуі «Qazaqstan dauiri» газетінің іргетасы о бастан мықты қаланып, қабырғасы берік болғанын байқатса керек.

Бүгінде белгілі қаламгер, ел анасы атанған Сәуле Мешітбайқызының зор ізденісі, тынымсыз еңбегінің арқасында бұл басылымдар төрдегі орнынан төмендеген жоқ. Оқырмандардың сүйікті басылымына айналған.

Қазақ баласының біршама толқыны «Мөлдір бұлақ» журналымен бірге өсті. Ұлтымыздың қаншама ұланы «Мөлдір бұлақ» арқылы тәрбиеленді. Бұл журнал тілші боламын деген талапты жастың ең бірінші аяқ тірер баспалдағына айналды. «Мөлдір бұлақты» оқып өскен ұрпақтың бойында ар-ұят, иман, абырой, отаншылдық қасиеттер мәңгілікке қалыптасып, адал еңбек етудің қыр-сырын түйсініп өсті. 

Арада қаншама уақыт өтіп, заман ауысып, жүйе өзгеріп жатса да, «Qazaqstan dauiri» өз ұстанымынан айныған емес. «Мөлдір бұлақ» Алаш баласының ақылманы, панасы, қорғанышы болып отыр. 

Ендеше, бұл торқалы той бүкіл оқырманның, қалам ұстаған ағайындардың ортақ мерекесі. Қуаныш қуанышқа ұлассын, ағайын! 

Оралхан ДӘУІТ, «Aulieata-media» ЖШС-нің Бас директоры
30.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 246
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 55

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805