Қазақстан мен Ресейдің мәдениет министрлері мәдени ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Ресейдің мәдениет министрлері мәдени ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады

Біріккен мәдениеттердің X форумы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрі Ольга Любимова кездесті.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындыққа қатысты келісімдерді талқылау болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы үшінші Ұлттық құрылтайда атап өткен болатын. Президент дайындықты бастауға тапсырма беріп, ел қорғаған ерлердің есімін жаңғырту және тарихи әділдікті қалпына келтіру бағытындағы жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Министрлер осы бағыттағы жұмыстардың бағдарын айқындады.

Сонымен қатар тараптар екі елдің театр мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бейнелеу өнері және анимация саласындағы байланыстарды арттыру мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Ресей көрермендерінің ұлттық киноға деген қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Бірлескен табысты жобалар, гастрольдер мен халықаралық фестивальдерге қатысу біздің ортақ жетістігімізді дәлелдейді. Біз театр, музей және музыка саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін жүйелі жоспар құра отырып, өзара байланысты нығайта береміз», — деді Аида Балаева.

Кездесуге сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой да қатысты. Ол алдағы маңызды оқиға — «Астана Опера» Қазақ ұлттық опера және балет театрының Ресейдің Үлкен театрындағы гастролін атап өтіп, онда «Абай» операсы сахналанатынын тілге тиек етті.

Кездесу соңында театр және музей ісін, креативті индустриялар мен музыкалық білім беруді одан әрі дамыту жоспарлары талқыланды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

13.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 156
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 153
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 665
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 785
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 698
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 708

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8849
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8244
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11472
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9229
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10456