Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Б. Дүйсеноваға

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің  орынбасары - Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрі  Т.Б. Дүйсеноваға

 

                                                                      

 

 

Депутаттық сауал

Құрметті Тамара Босымбекқызы!

Ширек ғасырдан кейін облыс мәртебесін алған Ұлытау облысының медицина саласында түйткілге толы сұрақтары бар. Халық денсаулығын жақсартуда медициналық қызметтің деңгейін көтеру өзекті.

Республикалық және жергілікті бюджет арқылы Жезқазған қаласында перинаталдық орталық салу, Қаражал қаласының орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, Жаңа­арқа ауданының орталық аудандық ауруханасының ғимаратын толықтай қайта жөндеу арқылы оны көпсалалы аймақтық ауруханаға айналдыру, ішінара жеке инвестиция тарту мүмкіндігін пайдаланып, Ұлытау ауданының орталығында бір ауысымда 100 адам қабыл­дайтын емхана мен 20 төсектік стационары бар орталық аурухана салу, Жезқазған қаласындағы перзентхана ғимаратын облыстық балалар ауруханасына айналдыру жобалары Үкімет мақұлдаған “Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарында” бар.

Облыстық денсаулық сақтау саласының негізгі проблемалары:

1.  Дәрігерлердің, оның ішінде тәжірибелі де білікті дәрігерлердің тапшылығы жоғары;

2.  Қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

3.  Заманауи облыстық көпсалалы аурухананың жоқтығы.

Қазіргі кезде облыс аумағында мемлекеттік нормативке сәйкес қызмет көрсететін 37 медициналық ұйым бар, мұның 16-сы ғана мемлекеттік, 21-і – жекеменшік. 11 амбулаториялық-емхана болса, мұның екеуі ғана – мемлекеттік, қалғаны – отбасылық денсаулық орталықтары. Бұларда барлығы 601 дәрігер, 2 305 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Ұлытау облысында дәрігерлер тапшылығы сезілуде. Ең бастысы, тәжірибелі дәрігерлерге тапшылық жоғары. Өйткені бұрынғы білікті мамандардың көпшілігі зейнет демалысында. Облыстың денсаулық саласындағы өзекті мәселелердің бірі учаскелік жергілікті емдеу ұйымдарын қаржыландыруға қатысты. Өйткені аталған ұйымдар тығыздық коэффиценті негізінде қаржыландырылады. Жаңа облыстың құрылуына байланысты Жезқазған қаласы бойынша тығыздық коэффициенті 2022 жылға қарағанда төмендетіліп, 1 коэффициент деп белгіленген. Соның салдарынан қаржыландыру азайған. Тығыздық коэффициентінің төмендетілуіне байланысты амбулаториялар мен емханалардың қаржыландырылуы да қажетті деңгейден аз, жеткіліксіз. Медициналық айықтырғыш, есірткіге тәуелділік, маскүнемдікке ұрынған науқастарды еркінен тыс емдеуге арналған емдеу-профилактикалық мекемесі де керек.

Ұлытау облысы халық  медициналық көмекке қажеттілігі жоғары ірі өнеркәсіптік, тау-кен орталығы болып табылады. Облыстық үлгідегі заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, диагностика, емдеу және оңалтуда озық технологиялар қолданылатын жаңа көпфункционалды аурухана ашу сұранысы жоғары.  Бұл Ұлытау облысының барлық тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын айтарлықтай жақсартар еді. Оның ішінде, Травматология және бүйрек ауруларын, хирургия, кардиология, онкология және т.б.  емдеу бөлімдерімен жабдықтау керек.

 

AMANAT партиясы фракциясы келесі ұсыныстарды енгізеді:

1.     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі тарапынан Ұлытау облысындағы халықтың сапалы медицинаға қолжетімділігі және дәрігерлер тапшылығын шешу жағдайына арнайы сараптамалық талдау жасалып, нақты іс-шаралар бекітілсін;

2.     Дәрігерлер тапшылығын шешу, медициналық техника және жоғары сапалы жабдықтармен қамтамасыз ету, ақпараттық жүйені ретке келтіру бойынша кешенді бағдарлама қабылдансын;

3.     Жезқазған қаласында травматология, бүйрек, пульмонология, оңалту, гастроэнтерология сияқты бөлімшелері жаңадан заманауи жабдықталған көпсалалы облыстық жаңа аурухана салу мәселесі қарастырылсын;

4.     Онкологиялық қызметті жеке ғимаратқа көшіру және онкологиялық диспансер мәртебесін беру жұмыстары жеделдетілсін;

5.     Сәтбаев қалалық ауруханасынан травматологиялық және балаларға арналған жансақтау бөлімін ашу қарастырылсын.  

 

Құрметпен,

«AMANAT» партиясы

фракциясының депутаты                                          Е. Сатыбалдин

 

 

 

03.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281