Қазақстанда биылғы суару маусымында 11 млрд текше метр су алу жоспарланған

Қазақстанда биылғы суару маусымында 11 млрд текше метр су алу жоспарланған

Биыл вегетация кезеңінде су ресурстарын әділ бөлу және дұрыс пайдалану мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның оңтүстік өңірлері үшін тұрақты суаруға арналған су пайдалану лимиттерін бекітті.

 Бекітілген лимиттерге сәйкес, Қызылорда облысына – 3,2 млрд текше метр, Түркістан облысына – 3,8 млрд текше метр, ал Жамбыл облысына 900 млн текше метр су көлемі қарастырылған.

 Еске сала кетейік, былтыр Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен еліміздің оңтүстік өңірлерінде вегетация кезеңіне дайындық мәселелері бойынша көшпелі кеңестер өткен болатын. Шаруалармен өткен кездесулерде су тұтыну лимиттерін қатаң сақтау, ылғал көп қажет ететін дақылдардың егіс көлемін қысқарту, егіс құрылымын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын міндетті түрде енгізу қажеттігі ерекше атап өтілді.

 Лимиттердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында егіс құрылымын әртараптандыру және ылғал көп қажет ететін дақылдар көлемін азайту шаралары көзделген. Сонымен қатар суармалы суды пайдалану қағидалары бекітіліп, өсірілетін дақылдарды өз бетінше ылғал көп қажет ететін түрлерге ауыстырған және тиісті келісімшартсыз су пайдаланған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қатысты санкциялар енгізілген.

 2026 жылғы вегетация кезеңінде Түркістан облысында күріш егісінің көлемі 3,5 мың гектардан аспауы тиіс. Сондай-ақ «Достық» мемлекетаралық каналы бойында күріш егуге тыйым салынған. Күрішті тек «Қызылқұм» каналы бойында және су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы өсіруге рұқсат етіледі.

 Қызылорда облысында күріш егісінің көлемін 70 мың гектар деңгейінде сақтау жоспарланған. Ал Алматы облысында бұл көрсеткіш 5,8 мың гектардан, Жетісу облысында 1 мың гектардан аспауы тиіс.

 «Лимиттер Қазгидрометтің гидрологиялық болжамдарына, жыл бойы түскен жауын-шашын көлеміне және трансшекаралық өзендердің күтілетін су деңгейіне сүйене отырып есептелді. Жалпы алғанда, 2026 жылғы вегетация кезеңі тұрақты басталды. Қазіргі уақытта министрлік мамандары, бассейндік су инспекциялары және «Қазсушар» филиалдары бекітілген су лимиттерінің сақталуын және егіс құрылымын бақылауда ұстап отыр», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

06.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24822
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24475
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41913
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37784
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42227