Алматыда еліміздегі айтулы гастрономиялық шараға айналған үшінші халықаралық Almaty Food Fest 2024 фестивалі өтті. Бұл мереке аясында алғаш рет ШЫҰ-ға мүше 8 мемлекеттің аспаздары арасында аспаздық байқау ұйымдастырылды. Фестивальдің басты мақсаты – қаланың туристік әлеуетін дамыту, ұйымдастырушы – Алматы қаласының Туризм басқармасы.
Гастрономиялық әсерлердің жаңа дейгейі
Бұл жыл Almaty Food Fest фестивалі үшін ерекше болды, себебі ауқымды іс-шараға қатысушылар мен қонақтардың көңілінен шыққан көптеген жаңалықтар енгізілді. Солардың бірі – қаладағы Beefeater, ЦЕХ, Grand Zina, Nuala және т.б. мейрамханаларындағы фестиваль мәзірі. Арнайы мәзірдің басты шарты – тағамдарға басты ингредиент ретінде Алматының символы саналатын алманы қосу болды. Рестораторлар мен аспаздар бұл тапсырмаға ерекше дайындалып, қонақтарды алуан түрлі ұсыныстарымен таң қалдырды – келушілерге жібітілген алма қосылған қаз етінің паштеті, алма тұздығы қосылған камамбер және, әрине, алмадан жасалған десерттер ұсынылды.
Халықаралық аспаздық дәстүрлер
Almaty Food Fest 2024 шарасы шеңберінде панельдік пікірталас да ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар білім сапасын арттыру, аспаздар мен осы сала мамандарының біліктілігін арттыруға арналған түрлі оқу бағдарламалары мен курстарын енгізу, сонымен қатар, жергілікті өнімдер мен ингредиенттерді қолдану бүкіл аспаздық индустрияның табысты дамуына жетелейтін тетік бола алады деген ортақ пікірге келді.
Талқылауға франциялық беделді Ecole Lenôtre аспаздық мектебінің өкілдері, бас аспаздар, мейрамхана бизнесінің менеджерлері мен жетекшілері, БАҚ пен блогерлік сала өкілдері, сондай-ақ, аспаздық колледждер мен «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығы бойынша білім беретін ЖОО-дың оқытушылары мен студенттері қатысты.
Сондай-ақ, фестивальдің көпшілік асыға күткен оқиғасы – шараға арнайы шақырылған франциялық бас аспаз, Michelin жұлдызының иегері Жером Кустиястың қатысуы болды. Оның шеберлік-дәрістері, панельдік пікірталастарға қатысуы, өзінің бай тәжірибесін бөлісуге деген ықыласы аспаздық өнер шеберлері мен әуесқойларды жаңа жетістіктерге жетуге шабыттандырды. Айта кетерлігі, Кустияс мырза ШЫҰ-ға (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы) мүше-мемлекеттер аспаздарының арасындағы халықаралық байқаудың қазылар алқасы құрамында болды.
ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер аспаздарының арасындағы халықаралық аспаздық байқауы
Жоғарыда айтылғандай, Almaty Food Fest 2024 аясында алғаш рет ШЫҰ-ға қатысушы сегіз ел: Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мен Беларусь аспаздарының басын қосқан аспаздық байқау ұйымдастырылды.
- Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы сан ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ұлы Жібек жолы дәуірінде-ақ елдеріміздің арасында мәдени және экономикалық байланыс болған. Халықаралық гастрономиялық фестивальге қатысу – біз үшін үлкен мәртебе. Іс-шара қонақтарына ұлттық тағамдарымызды ұсынып, таныстыруға қуаныштымыз, – деп атап өтті Цзян Вэй, ҚХР-дың Алматыдағы бас консулы.
Байқау бағдарламасына беделді қазылар алқасы баға берді:
- Жером Кустияс, Франция
«Мишлен» жұлдызының иегері, бас аспаз-кеңесші - Артем Канцев, Қазақстан
Qazaq Gourmet мейрамханасының бренд-бас аспазы, қазақ асханасы әлемінің гиді - Миа Куправа, Грузия
Gault&Millau Georgia президенті, халықаралық гастрономия сарапшысы - Ғалия Тоқсейітова, Қазақстан
иАлматы қаласы Туризм басқармасының жетекшісі - Серик Ақышев, Қазақстан
Журналист, жүргізуші
- Аспаздар байқауына қатысу біз үшін жауапты сынақ болды, оған қоса, теңдессіз тәжірибе де жинадық. Бұл – өзіңді көрсетіп, түрлі елдің кәсіби мамандарымен білім алмасу үшін керемет мүмкіндік болды. Келесі жылы да бұл беделді сайысқа қатысып, көрермендерді аспаздық шеберліктерімізбен және тағам дайындаудың ерекше тәсілдерімен таң қалдыра аламыз деген үміттеміз, — деп әсерін бөлісті байқауға қатысушы Санжар Нұрмұқанов, «ЦЕХ» мейрамханасының бренд-бас аспазы.
Ал байқауда жеңіске жеткен Ираннан келген бас аспазшы Фатима Ализаде Франциядағы Michelin жұлдызы бар мейрамханада тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. Екінші орын иегері-Назира Алиматова,Өзбекістан елінен, ал үшінші орынды Ресей елінің аспазы Антон Крупенин алды. Сонымен қатар, аспаздар сайысының жүлдегерлеріне естелік сыйлықтар мен кубоктар табысталды.
Жоғары нотада қорытындыладық
Дәстүр бойынша, Almaty Food Fest 2024 ауқымды іс-шаралар бағдарламасын қамтыды: әлемнің ұлттық асханалары (50-ден астам мейрамхана), фермерлік өнімдер мен hand-made дүңгіршектер (30-дан астам қатысушы), гастрономиялық байқаулар, ұтыстар, шеберлік-дәрістері, аспаздық шоулар мен музыканттардың өнері.
Almaty Food Fest 2024 фестивалі тек аспаздық өнер мен шеберлік мерекесіне айналып қана қоймай, сонымен қатар, Алматының халықаралық гастрономиялық аренада танылуына және Michelin мен The World’s 50 Best Restaurants & Bars сияқты беделді рейтингтерді қалаға тартуға бағытталған маңызды қадам болды.