ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЕНІМДІ ӨСУДІҢ 10 ЖЫЛЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЕНІМДІ ӨСУДІҢ 10 ЖЫЛЫ

Жылдам дайындалатын кеспе өндірісі бойынша Қазақстандағы жетекші өндіруші — халықаралық сауда-өндірістік компания "Маревен Фуд Тянь-Шань" өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Компания 2015 жылы Қазақстанда тіркеліп, 2018 жылы Қонаев қаласының маңында заманауи өндірістік-логистикалық кешенін іске қосты.

"Маревен Фуд Тянь-Шань" Қазақстандағы азық-түлік өндірушілерінің ТОП-10 қатарына кіреді.

Компания Rollton және BIGBON сияқты брендтердің арқасында өз сегментінде тұтынушылардың сеніміне ие болды. NielsenIQ Kazakhstan деректеріне сәйкес, компания бірнеше жылдан бері жылдам дайындалатын кеспе мен дәмдеуіш бульондар нарығында Қазақстанда көшбасшылық орынды сақтап келеді: сәйкесінше 62% және 42%.

— Біздің компания Қазақстан Республикасының нарығында он жылдан бері сенімді дамып келеді. Сонымен қатар, өнімнің 48%-ы Орталық Азия елдеріне және басқа да мемлекеттерге экспортталады. Компанияның дамуы нақты сандармен де расталады: 2017 жылдан бастап “Маревен Фуд Тянь-Шань” 35 млрд теңгеден астам инвестиция салды, ал алдағы уақытта жаңа өндірістік желілерді іске қосуға 21 млрд теңге көлемінде инвестиция жоспарланған. Біздің басты басымдығымыз — өнім сапасын арттыру, сондықтан біз ең алдымен осы бағытқа қаржы бөлеміз, — деді компанияның бас директоры Сергей Попов.

Компания портфелінде 120-дан астам өнім түрі бар. Тек 2024 жылдың өзінде компания нарыққа жылдам дайындалатын кеспе ғана емес, басқа да жаңа санаттағы 12 жаңа өнім шығарды: Sunbel лимонадтары, энергетикалық сусындар, дәстүрлі макарон өнімдері, бульондар, дәмдеуіштер, ұнтақ қоспалар, сондай-ақ картоп пюресі мен ботқалар секілді тез дайындалатын тағамдар.

Алматы облысындағы ірі инвестициялық жоба ретінде "Маревен Фуд Тянь-Шань" сапалы өнім өндірісін қамтамасыз етіп қана қоймай, жұмыс орындарын ұсынып, әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын берік ұстанып келеді.

Бүгінгі таңда компанияда 670-тен астам адам жұмыс істейді, олардың 99%-ы — Қазақстан Республикасының азаматтары. "Маревен" компаниясы өңірдегі әлеуметтік әлсіз топтарға тұрақты түрде қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп, төтенше жағдай орын алған аймақтарға гуманитарлық қолдау жасап келеді. Сондай-ақ, компания өңірлік инфрақұрылымды жақсартуға белсенді қатысады.

Компания өзінің 10 жылдығына орай Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына 10 заманауи жедел жәрдем көлігін сыйға тартты.

— Денсаулық сақтау саласы — еліміз үшін ең маңызды бағыттардың бірі. Сондықтан біз бұл салаға өз үлесімізді жедел жәрдем көліктерін сыйлау арқылы қосуға шешім қабылдадық, — деді басқарушы директор Алексей Сердюков.

— Сіздер тек жоғары сапалы өнімдер шығарып, әлеуметтік жауапкершілік танытып қана қоймай, денсаулық сақтау жүйесін қолдау арқылы халық игілігі үшін қызмет етіп келесіздер. Компанияларыңыздың бұл әрекеті — әлеуметтік жауапты бизнестің нақты үлгісі. Осы орайда, Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, әкімдік және өңір халқы атынан сіздерге зор алғысымды білдіремін. Басқа да ірі компаниялар осындай әлеуметтік белсенділік танытады деп сенемін, — деді Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.

2025 жылы "Маревен" ел ішіндегі нарықты әрі қарай дамытып, тұтынушыларға кем дегенде 20 жаңа өнім ұсынуды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, компания негізінен жергілікті шикізатты пайдаланады. Барлық өнім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен нормаларға толық сай өндіріледі.

Суреттерді түсірген Александр Филимонов

 

 

20.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 12479
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 12504
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 27592
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 26298
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 29770