Қазақстандық су саласының мамандары Венгрияда су дипломатиясының негіздерін меңгеріп жатыр

Қазақстандық су саласының мамандары Венгрияда су дипломатиясының негіздерін меңгеріп жатыр

​Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің су ресурстарын басқару бағытындағы қос дипломды магистратура және докторантура бағдарламасы аясында 13 қазақстандық маман Венгрияның Корвинус университетінде білім алып жатыр.

 ​Бағдарлама су ресурстарын тұрақты басқару, су саясатын талдау, стратегиялық жоспарлау және трансшекаралық бассейндердегі халықаралық ынтымақтастық бағыттары бойынша құзыреттерді дамытуға бағытталған.

 ​Қазақстандық мамандар Еуроодақтағы су ресурстарын басқару қағидаттары мен модельдерін, халықаралық су құқығын және трансшекаралық келісімдерді, суға қатысты даулардың алдын алу және оларды шешу тәсілдерін, ашық басқару құралдарын және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тетіктерін, сондай-ақ су саясатының тиімділігін мониторингтеу және бағалау құралдарын меңгеріп жатыр.

 ​Сонымен бірге оқу барысында Венгрияның Энергетика министрлігі мен ұлттық су ресурстарын басқару компаниясының өкілдері қазақстандық мамандарға ұлттық деңгейде су жүйелерін басқарудың практикалық мысалдарын және заманауи тәсілдерін таныстырды.

 ​«Бағдарлама Мемлекет басшысының су саласындағы кадрлық әлеуетті арттыру, соның ішінде су дипломатиясын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылды. Ерекше назар ғылыми деректерді, реттеу құралдарын, институционалдық үйлестіруді және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды біріктіретін еуропалық су ресурстарын басқару модельдеріне аударылып отыр», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

 Қазақстандық магистранттар мен докторанттар Венгриядағы Қазақстанның елшісі Абзал Сапарбекұлымен де кездесіп, су саласындағы білім, халықаралық ынтымақтастық және су ресурстарын басқару мен су дипломатиясы саласындағы мамандар даярлау мәселелерін талқылады

25.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20267
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20100
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35222
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33789
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37632