ҚАЗАҚСТАНДЫҚ TOPIQ ПЛАТФОРМАСЫ ӘЗІРБАЙЖАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЕНГІЗІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ TOPIQ ПЛАТФОРМАСЫ ӘЗІРБАЙЖАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЕНГІЗІЛЕДІ

Қазақстанның білім беру жүйесінде – халықаралық әріптестіктің жаңа кезеңі.

Әзірбайжан Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында білім беру саласында маңызды құжатқа қол қойылды. Келісім цифрлық оқыту мен жасанды интеллект саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған.

Қазақстандағы ең инновациялық білім беру жобаларының бірі ретінде өзін танытып үлгерген TopIQ платформасымен енді бауырлас елдің оқушылары мектеп бағдарламасын интерактивті форматта жеңіл әрі қызықты түрде меңгеретін болады. Олар цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып, анимациялық тапсырмалар мен заманауи контентті қолдана алады.

«Алматыкітап баспасы» – 25 жылдан астам уақыт бойы ел тұрғындарын сапалы оқулықтармен қамтамасыз етіп келе жатқан отандық жетекші баспа. Осы жылдар ішінде баспа көркем әдебиет пен ғылыми-танымдық бағыттағы балаларға арналған 3 мыңнан астам кітап түрінің 40 миллионнан астам данасын шығарды. Соңғы он жылда баспа білім беруді цифрландыру бағытына ден қойып, TopIQ білім беру платформасын іске қосты.

Бұл платформа дәстүрлі оқулықтың заманауи электрондық жалғасы болып табылады. Оның басты тиімділіктері:

автоматты тексеру жүйесі бар тапсырмалар;

мультимедиялық материалдар;

жеке және топтық жұмыс құралдары;

мұғалімдерге арналған аналитика мен сабақ жоспарлары.

TopIQ.kz – тек электронды кітапхана емес, білім берудің толыққанды цифрлық экожүйесі. Платформа отандық серверлерде орналасқан әрі қауіпсіздік талаптарына сай жасалған. Мұғалім үшін – әдістемелік көмекші, оқушы үшін – сенімді серік, ал қоғам үшін – білім берудің жаңа үлгісі.

TopIQ.kz бүгінде халықаралық деңгейде де мойындалған. 2022 жылы Лондонда өткен Global EdTech Startups Awards байқауында 147 елдің ішінен жеңімпаз атанып, қазақстандық цифрлық өнімнің жаһандық беделін арттырды.

Платформаның тағы бір ерекше артықшылығы – жасанды интеллект негізіндегі «Qamqor» онлайн-ассистенті. Ол оқу бағдарламасына сай кез келген сұраққа жылдам әрі нақты жауап беріп, тиісті оқу материалдарын автоматты түрде іріктеп ұсына алады. Сонымен қатар, «Qamqor» күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды оңтайландырып, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Екі ел арасындағы келісім бес жыл мерзімге жасалды. Осылайша, Қазақстан мен Әзірбайжанға ортақ жаңа цифрлық білім беру кеңістігі қалыптасты деуге болады.

 

БАҚ үшін байланыс:

📞 Гүлмарал Қабдолашева, «Алматыкітап баспасы» PR-бөлімі

📱 +7 707 650 66 77

📧 info@almatykitap.kz

🌐 www.almatykitap.kz

 

03.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 551
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 738
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 723

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19445
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19288
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34424
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32983
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36796