Халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі 8-9 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash & Carry компаниясы.
«Көп жыл бойы The Spirit of Tengri фестивалінің бас серіктесі болып келеміз, - дейді Magnum басшысы Азамат Османов, - себебі бізге бұл жобаның адамдарға қуаныш сыйлау, музыка арқылы біріктіру, түрлі халықтар мәдениетінің сұлулығын паш ету, олардың ұлттық ерекшеліктерін заманға сай тілде жеткізуді көздеген мақсаттары ұнайды. Бұл – баршаға ортақ мереке, фестивальге кіру әрдайым тегін. Жыл сайын Абай алаңының лық толатыны қуантады. Алматылықтар мен қала қонақтары шараға бүкіл отбасын ертіп келеді, көбісі фестивальге екі күн қатарынан қалмай келеді. Бүгінде The Spirit of Tengri қала өміріндегі айтулы оқиғаға айналып үлгерді!»
Биыл фестивальде Қазақстан, Түркия, Германия, Италия, Франция/Алжир, ОАР, Тыва Республикасы, Өзбекстан, Молдова, Грузия секілді әлемнің 10-нан астам елінің музыканттары өнер көрсетеді. Олардың арасында молдовалық «Zdob și Zdub» рок-тобы мен грузиннің «Мгзавреби» тобы секілді атақты өнер ұжымдары бар.
Ұйымдастырушылар жанды дауыстағы музыкадан бөлек, көрермендерге арнап ауқымды мәдени бағдарлама әзірлеп отыр. Фестиваль алаңында этноауыл бой көтеріп, онда қонақтар киіз басудан шеберлік-дәрісіне қатыса алады, асық ату, арқан тартыс, ләңгі тебу, бес асық сияқты ұлттық ойындар ойнайды, әлем халықтарының ұлттық тағамдарынан дәм татып, қолөнершілер жәрмеңкесінен кәдесыйлар сатып алады, сонымен қатар, қазақстандық суретші Ләйлә Жарқынның киізден жасайтын перформансын тамашалай алады. The Spirit of Tengri фестивалі аясында алғаш рет дәрісхана ұйымдастырылып, онда қазақстандық зерттеушілер Ұлы Дала тарихы, көшпенді халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен мифологиясы туралы жан-жақты айтып береді. Сондай-ақ, фестивальге этникалық стильде киініп келген қонақтар арасында Таиланд пен Мысырға екі адамға арналған жолдама ойнатылады. Байқаудың серіктестері - Scat Airlines және Selfie Travel халықаралық туроператоры. Жеңімпаздар тіркелген нөмірлері бойынша рандомайзер арқылы анықталады.
The Spirit of Tengri Алматыда 11 жыл бойы өткізіліп келеді. Бұл уақыт ішінде фестиваль Алматы қаласының мәдени брендіне және оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарының сүйікті іс-шарасына айналып үлгерді. Тұрақты көрермендердің фестиваль туралы әлеуметтік желілердегі жазбалары мынадай:
«Бұл фестиваль патриоттық сезімді оятып, кеудеге мақтаныш сезімін ұялатады, оны дүниеге әкелген адамдарға шексіз алғыс»
«Фестиваль керемет, бұл – факт»
«Менің сүйікті фестивалім… Энергетикасы ғажап»
«Тамаша фестиваль! Бәрі керемет болды, драйв, энергия, эмоциялар, естен кетпестей!
Жобаның басты мақсаты – Қазақстанның ұлттық дәстүрлерін жаңғыртып, насихаттау, қазақ халқының бай мәдени мұрасына көпшілік назарын аударту, халықаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ел тұрғындарын әлемдік әртістердің шығармашылығымен таныстыру.
Фестивальдің ресми сайты: https://spiritoftengri.com
Әлеуметтік желідегі парақшасы: https://www.instagram.com/spirit_of_tengri/