Қазақстанның ирригация саласын жаңғыртуға Еуразиялық даму банкі 5,3 млн доллар көлемінде грант бөледі

Қазақстанның ирригация саласын жаңғыртуға Еуразиялық даму банкі 5,3 млн доллар көлемінде грант бөледі

 Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) «Қазақстандағы тұрақты ирригация үшін бизнес экожүйені дамыту» жобасы бойынша үшжақты келісімге қол қойды. Жобаны іске асыруға ЕАДБ 5,3 млн доллар көлемінде грант бөледі.

 Қаржылық келісімге Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа және ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Даленов қол қойды.

 Бұл жоба бірнеше жылға жоспарланған. Оның аясында Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесін құру, су болжамы және тиімді бөлу құралдарын енгізу, заманауи ирригацияның өңірлік орталықтарын қалыптастыру, мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу көзделген.

 «Бұл бастама Қазақстанның ирригация жүйесін дамытуға және суды тиімді пайдалануды арттыруға бағытталған. Біздің бұл жобаға қатысуымыз су шаруашылығын жаңғырту және климаттық өзгерістерге бейімделу жөніндегі стратегиялық мақсаттарымызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз еліміздің су саласына инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Алайда барлық стратегиялық шешім тек Қазақстанда қабылданады және солай қала береді де. Сондай-ақ су ресурстары мен нысандарын шет мемлекеттердің қолданысына беру мәселесі ешқашан қаралған емес. Басты мақсатымыз – азаматтарымыздың мүддесін қорғау, еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін су секторын жаңғырту», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

19.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 70
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 70
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 74
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 65

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25150
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24668
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42090
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37955
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42422