Қазақтың болашағы сіздердің қолдарыңызда, қадірлі аналар!

Қазақтың болашағы сіздердің қолдарыңызда,  қадірлі аналар!

 Иә, дәл осылай. Себеп-салдарын алыстан іздемей-ақ отбасы, ошақ басынан табамыз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деп ғұлама жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, іңгәлап дүние есігін ашқан нәрестені аялы алақандарымен қабылдап алып, ақ сүтімен қоректендіретін, мейірімін төгетін ол – Ана. Өмір есігін ашқан одан кейінгі тағдыры да сол Ананың қолында. Еркек –  түздің адамы. Сәбиінің тәрбиесін өз қолына алуға қаншама тырысқанымен, оның қолынан келмейді. «Отбасы – шағын мемлекет» демекші, алғашқы тәрбие дәні Ананың нәзік жүрегінен шыққан асыл сөздері, шұғыла шашқан мейірімі арқылы сәбидің жүрегін нұрландырып барып,  алпыс екі тамыры арқылы бүкіл денесіне жайылады, жан дүниесін жаулайды. Ол қандай асыл дән десеңші! Ананың мейірімінен асқан мейірім бар ма екен бұл жалған дүниеде. Жоқ қой, жоқ!

Яғни барлық тәрбие тек Анадан. Болашақ ғұламалар, данышпандар, президенттер, батырлар, академиктер, небір атақтылар осы Ана тәрбиесінің тезінен өткен. Ұры-қарылар, мәңгүрттер, жемқорлар, зұлымдар, залымдар, суайттар да аспаннан түскен жоқ. Ол неліктен? Ана екі түрлі тәрбие бергендіктен. «Қызды қырық үйден тыю», «Қыз жат жұрттық», «Қыз тәрбиесі – анадан»  деп  ата-бабаларымыз  босқа  айтпаған. Жақсы ана болуға қыз кезінен дайындау қажеттігі өзінен-өзі туындайтыны бесенеден белгілі. Қыз тәрбиесінен кеткен қателік ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Оны біз қазіргі өмірімізде бастан кешіп жатырмыз. 

Әттең, тәуелсіздігіміздің 30 жылы босқа кетті! Егер Аналарымыз осы уақыт ішінде ұрпақтарына нағыз ұлттық тәрбие бергенінде, балаларын рухты, намысты етіп өсіргенде біз қазір жан-жағымызға жалтақтап қарап, үркектеп тұрмас едік-ау. Кіл сен тұр, мен атайын деп тұрған 25-30 жастағы ұлтшыл сайыпқыран жігіттер кез келген уақытта Отанын, халқын қорғауға дайын тұрар еді. Ел қорғаны, қалқаны солар болар еді. Әттең, ол мүмкіндікті жіберіп алдық! Біз  негізінен жемқорларды, алаяқтарды, ұрыларды, мәңгүрттерді дайындаппыз.

    Енді не істеу керек? Жаңа Қазақстан, әділетті Қазақстан жасаймыз дегенде біз кімдерге сенеміз? Оны жасайтын ұрпақ тәрбиеледік пе? Жоқ! Аса қадірлі аналар! Бұл қиын сұрақтың жауабын сіздер ғана бере аласыздар. Жауап беру үшін өздеріңізді тәрбиелеп, намыс қайрақтарыңызды қайрауларыңыз керек. Сол қайраудан туған рух сәулесін ұрпақтарыңыздың жүректеріне сіңірулеріңіз қажет. Ештен кеш жақсы. Мемлекет ол үшін аналарға барлық жағдайды жасап, оларға ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік берсін.

    Бұл қиял ма? Жоқ, қиял емес. Себебі қазақ халқы жан-жақтан қыспаққа түсіп отыр. Ұлтымыздың болашағы бұлыңғыр. Құрып, жойылып кетудің алдында тұрмыз десек, қателеспейміз. XXI ғасырдың Тұмары, Бопайы, Заринасы, Нұриласы, Айғанымы, ГауҺары, Зерелері керек болып отыр. 

    Аса қадірлі аналар, атқа мініңіздер, рухтаныңыздар, тамаша ұрпақ тәрбиелеңіздер! Ал біз еркектер, бүгін сіздерді 8 наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, есендік, береке, жақсылықтар тілейміз!

Ертай Айғалиұлы
08.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 244
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 380
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 377
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 609
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 551

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9254
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8650
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11877
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9648
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10859