Референдум

«Қазсушар» каналдарды реконструкциялау бойынша 7 жоба әзірлеп, 600 млн теңгеге жуық қаржы үнемдеді

«Қазсушар» каналдарды реконструкциялау бойынша 7 жоба әзірлеп, 600 млн теңгеге жуық қаржы үнемдеді

 ​«Қазсушар» РМК өз күшімен магистральдық каналдарды реконструкциялау бойынша 7 жобаны әзірледі. Бұл кәсіпорынға 583,2 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

 ​Қазір барлық жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алды. Жобалардың алтауы Жамбыл облысының Байзақ және Жамбыл аудандарындағы магистральдық каналдарды бетондау жұмыстарын қамтиды. Ал бір жоба Павлодар облысындағы Қ. Сәтбаев атындағы каналдағы бөгеттердің бірін реконструкциялауға бағытталған.

 «Жобаларды кәсіпорын мамандары өздері, үшінші тарапты тартпай-ақ әзірледі. Бұл қомақты қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар қаржы-шаруашылық қызметті оңтайландыру аясында «Қазсушар» РМК техника паркі 27%-ға жаңартылды. Соның арқасында техниканы жалға алу шығыны 85%-ға қысқарып, оны жөндеуге кететін шығын екі есе азайды», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

11.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23815
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23486
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40489
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36927
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41163