Қоғамда жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Қоғамда  жемқорлықпен күрес   тоқтамайды

2025 жылы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (қысқаша Антикор атанып кеткен ұйым) Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылып, оның жанынан ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі болып қайта құрылған болатын. Сонан бергі уақытта құзырлы мекеме аталған қылмыс түрлерімен аяусыз күресіп келе жатыр.

 Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті. 1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталды, оның 860-ы сотқа жолданды. Осындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты екен. Ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынған. Демек, бұл саладағы күрес жалғаса береді деген сөз.

2026 жылдың жартысы өте шықты. Толық қорытынды жасауға әлі ерте. Дегенмен, құзырлы мекеме қысқа мерзімді қорытындыларды жариялап келеді.

ҰҚК-ның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша биыл мамырда ҰҚК СЖҚК 83 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркепті. Мұнда да ашылған қылмыстардың басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық сияқты қылмыстарға қатысты болған. Қылмыстық істер бойынша 45 адам күдікті деп танылған. 85 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 66-сы сотқа жолданған. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 1,5 млрд теңгені құраған. Оның ішінде бюджетке 835,3 млн теңге қайтарылыпты. Бағасы 11,2 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынған.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
10.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26594
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26027
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43413
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39206
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43822