Қоғамдық кеңестердің IV Республикалық мәжілісі өтті

Қоғамдық кеңестердің  IV Республикалық мәжілісі өтті

Астанда 16-17 қазан күндері ХІІ азаматтық форум өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет 

және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде азаматтық қоғам институтын нығайту, үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық қызметін реттеу, мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтастығы, тұрақты дамуды мақсат ететін бұл форум әр екі жыл сайын өткізіліп келеді.  Бұл форумға қоғамдық бірлестіктер, қорлар мен мемлекеттік органдардың сарапшылары қатысады.

Бүгін елордамызда XIІ Азаматтық форум аясында Қоғамдық кеңестердің IV Республикалық мәжілісі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, өңірлік және республикалық қоғамдық кеңестердің мүшелері, сарапшылар, халықаралық серіктестер мен азаматтық сектор өкілдері қатысты. Аида Ғалымқызы сөз кезегінде қоғамдық институттардың рөлінің артып келе жатқандығына тоқталып өтті.

«Қоғамдық кеңестердің тиімді жұмысы көбіне сіздердің белсенді ұстанымдарыңыз бен бастамашылдықтарыңызға байланысты. Бұл алаңда сіздер, Ұлттық құрылтай мүшелері сияқты, жергілікті деңгейде көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды талқылауға бастамашы бола аласыздар. Бұл азаматтардың пікірін республикалық деңгейге жеткізудің тиімді жолы», – деді Аида Балаева.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
16.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 290
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 284

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18951
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18814
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33982
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32535
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36337