«Қоғамдық оптимизм және энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективасы»

«Қоғамдық оптимизм және энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективасы»

2024 жылдың 06 қыркүйегінде сағат 15.00-де Петропавл қаласында  «SARAP» эксперттік клубының «Қоғамдық оптимизм және энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективасы» тақырыбындағы аймақтық жиыны өтеді.

Аталған аймақтық жиын 2024 жылғы 02 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында орайластырылып отыр.

Күн тәртібіне сәйкес Жолдауда айтылған мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы азаматтардың қатысуы және жаңа қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, Атом электр стансасын салу туралы жалпыұлттық референдум сұрақтары қарастырылады.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыс әкімдігі, Қоғамдық кеңес мүшелері, атом энергиясы мен экология саласының кәсіби мамандары, жастар және азаматтық қоғам, партия және ҚҚДИ өкілдері қатысады. Сондай-ақ, ZOOM платформасы арқылы іс-шараға СҚО аудандарының өкілдері қатысады.

Модератор: «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ, Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы Тасым Риззат Берікұлы.

Күні: 06 қыркүйек 2024 ж.

Уақыты: 15:00

Мекен-жайы: Петропавл қ.,Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Конференц зал (1 қабат), Қазақстан Конституциясы көшесі, 58

БАҚ өкілдері эксперттік талқылауға тыңдаушы ретінде қатыса алады. Белгіленген уақыттан 15-20 минут бұрын келуді сұраймыз.

Журналистерді аккредиттеу сұрақтары бойынша, 8-777-608-07-97,            8-702-414-34-13 нөмірлеріне хабарласуға болады.

06.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 63
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 588
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 703
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 617
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 627

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8763
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8162
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11391
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9145
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10376