Бүгін Шу қаласының “Локомотив” стадионында асылтұқымды қошқарлардың көрме аукционы өтіп жатыр. Көрмеге өңірдегі шаруалар 210 бас асыл тұқымды қошқар әкелді.
Қой шаруашылығы - өңірде мал өсірудің басты салаларының бірі. Қой өсіруде тез семіретін етті, етті-жүнді тұқымды көбейтуге басымдық берілуде. Қазір мал басын асылдандыру жолға қойылып келеді. Саланы дамытуды облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов басты назарға алып отыр.
Мал тұқымын асылдандырумен айналысатын ғылыми зерттеу институттарымен жұмыс жүргізуге облыс бюджетінен арнайы қаржы берілді.
Облыста қой малын өсіретін 1500-ден аса шаруашылықта 3,5 млн. бас қой бар. Бұл шаруашылықтарда еділбай, қазақтың құйрықты қылшық жүнді, меринос, қаракөл және де басқа тұқымдары өсірілуде.
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мен мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыруда дәстүрлі сала – қой шаруашылығын өркендетудің маңызы ерекше.
Ендеше, шаруаларымыздың ісі берекелі болсын!