Атырау қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймағында орналасқан қоқыс полигонында тұрмыстық қалдықтардың бықсуы анықталған.
Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен «СпецАвтоБаза» ЖШС-нің 35 техникасы және 65 қызметкері жұмылдырылды.
Полигонның жалпы аумағы 35 гектар болса, өрт 2500 шаршы метрінде анықталған. Қазір оның бір бөлігі толық сөндіріліп, қалған аумақта өртті оқшаулау және бықсу ошақтарын жою жұмыстары жалғасуда.
Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Сәбит Борашевтің айтуынша, тілсіз жаудың таралу қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылданған.














