Көрікті көш Шу елінің сәлемін алғаннан соң, бұл шара аудан орталығындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Ұлттық тағамдар күнін ұлықтаған керуен қонақтары түрік, әзірбайжан, кәріс, орыс және күрд ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдар көрмесін тамашалап, дәмнен ауыз тиді. Сонымен бірге қол өнер шеберлерінің шығармашылық туындыларынан жасақталған көрме де , қордайлықтардың назарына ұсынылды.
Мерекелік думан бұдан әрі аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен «Рухани керуен» ұйымдастырған мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.