Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды
Облыс орталығында ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов өңір әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, аумақтық қорғаныс бригадасында болды.
Тараптар Үкімет қаулысымен бекітілген 2024-2028 жылдарға арналған Аумақтық қорғанысты дамыту жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылу барысын талқылады.
Әңгіме барысында өткен жылы жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының құрылуына байланысты облыста аумақтық әскерлердің инфрақұрылымдық объектілерінің салынып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, өткен жылы жүзден астам адам әскери жиындарға қатысып, қайта даярлаудан өтті.
Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Түркістан облысындағы аумақтық қорғаныс бригадасының 99210 әскери бөлімінде оның материалдық-техникалық жарақтандырылуын, сержанттық және қатардағы жауынгерлер құрамының жасақталуын тексерді.
Кездесу соңында Министрдің бірінші орынбасары бригаданың жауынгерлік әлеуетін арттыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Túrkistan oblysynyń ákimdigi
28.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 56
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 53
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 56
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 52

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25139
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24655
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42080
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37943
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42412