ҚОШ БОЛ, ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ ТАУ ТҰЛҒАСЫ!

ҚОШ БОЛ, ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ ТАУ ТҰЛҒАСЫ!

Қазақтың ұлы ақыны, біртуар тұлғасы Мұхтар Шаханұлы дүниеден өтті…

Мұзбалақ Мұқаңмен бірге дүбірлеген бір дәуір көшіп барады!..

Иә, өмір бойы шындық үшін күресіп, ақиқат үшін айқасып өткен ақиық ақын бұл фәни дүниенің жалған екенін дәлелдеп, бақи дүниеге аттанып кетті… 

Алыптардың соңғы тұяғы,  ХХ ғасырдың аңызға да, абызға да айналған  алып ақынымен бір дәуірде өмір сүру бақытына ие болдық… 

Ақын Мұхтардың, батыр Мұхтардың семсердей жалынды сөзіндегі саңқылдаған үні – Желтоқсанның дауылы бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.  Бұл ұлы ерлік болатын. 

Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы, тұтас Тұран Еліне тұлға болған әлемге әйгілі ақын Мұхтар Шаханұлы  өзінің ата-бабасы жатқан киелі Түркістан өңіріне жерленді. Киелі Арыстан бап кесенесі маңынан мәңгілік мекен бұйырды. Жаны  жәннаттан жай тауып,  рухы риза  болуын Алладан тілейміз! 

Қалың қазаққа, тұтас Тұран еліне, ақынның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтамыз.

Алла алдынан жарылқасын! Алды бейіш, арты кеніш болғай! Ұлы ақынның асыл  бейнесі ұлтының жүрегінде  мәңгі жасай берері хақ!

 

«Qazaqstan dauiri» газеті мен 

«Мөлдір бұлақ»  журналы ұжымы 

 

Ел Президенті ақынның қазасына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

 

«Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.

 

22.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24557
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24218
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41672
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37563
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41941