ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!
Барлық жақсылықтың бастауы болған әз Наурыз мерекесі - Алты алаштың басын қосқан берекелі мереке. Айшықты күні халық көктемнің шұғылалы күнін зор қуанышпен қарсы алып, шат-шадыман күй кешеді.
🔰Мемлекет басшысы өткен жылғы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «Наурыз – жаңғыру мен жаңарудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін» деген ұлағатты сөзі қастерлі мерекеміздің қадір-қасиетін биіктете түсті.
🔰Бүгін Орталық алаңда өтіп жатқан мерекелік думан концерттік бағдарламаға ұласты. Театрландырылған көрініспен басталған шара көрермендерді ерекше әсерге бөледі. "Күн мен ай", "Су мен толқын", "Жыл мезгілдері" көрінісі ұлттық мерекенің айшықты белгісіне айналды.
🔰Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйледі: - Шығыс халықтарына ортақ Наурыздың тарихы көне замандардан, шамамен бес мың жылдан бұрын бастау алып, «Жаңа күн» деп аталған. Жыл басы әз-Наурыз – халқымыздың рухани жан дүниесін байыта түсіп келеді. Ал, Наурыз дастарханы – достықтың дастарханына айналды!
Сондықтан да, Ұлы Дала төсінде тербелген Қазақстан халқы – Наурыз мерекесін айрықша сағынышпен, үлкен ықыласпен күтеді.
Бүгінгі жаңарған жасампаз Наурыз мерекесі де – үлгі мен өнегеге байлам, тәрбие мен тағылымға түпсіз тамыр болып отыр. Өйткені, әз-Наурыз – көктем мен еңбектің мерекесі, - деді. Мұнан соң аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков те ізгі тілегін жолдап, барша сарысулықтарды бірлікке шақыратын мерекемен құттықтады.
🔰Сән - салтанат жарасқан шарада аудандық мәдениет үйінің әншілері әуелете ән шырқаса, "Айжанқыз" халықтық бишілер ұжымы мың бұрала биледі. Алаңға киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылды. Көпшілік мерекелік күнді тамаша көңілді күймен өткізіп тарқасты.Ұлбике Әлібекқызы, Қанатбек Мәдібек и ещё 39
22.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 244
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805