Оқыс жағдай кезінде үйде төрт бала болған, олардың үлкені 8 жаста.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенше көршілер барлық баланы далаға алып шыққан. Бұл уақытта балалардың ата-анасы жұмыста болған.
Амангелді орталық ауруханасының қызметкерлері сағат 11:00 шамасында 2016, 2019 және 2020 жылы туған үш баланың көз жұмғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өртке ток желілерінің тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Толық ақпарат кейінірек хабарланады,