Қостанай облысындағы ірі су қоймаларында 461 млн текше метр бос сыйымдылық бар

Қостанай облысындағы ірі су қоймаларында 461 млн текше метр бос сыйымдылық бар

Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Қостанай облысындағы «Қазсушар» филиалы Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларында бос сыйымдылық дайындау жұмыстарын жүргізді. Бұл су қоймалары көктемгі су тасқыны кезінде толығады.

 Қазіргі таңда су қоймаларындағы жалпы бос сыйымдылық 461 млн текше метрді құрайды. Бұл жобалық көлемнің 33 пайызына тең. Ал болжанып отырған су көлемі 459 млн текше метрге дейін жетуі мүмкін. Атап айтқанда, Жоғарғы Тобыл су қоймасы 70%-ға, ал Қаратомар су қоймасы 63%-ға толған.

 Көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу және гидротехникалық нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, іс-қимыл жоспары бекітілді. Қостанай филиалы нысандарында кіреберіс жолдар мен аумақтарды қардан тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.

 «Қажетті инертті материалдар мен жанар-жағармай қоры дайындалды. Су тасқыны кезеңіне 36 техника әзірленді. Олардың қатарында экскаваторлар, бульдозерлер, тиегіштер, тракторлар, автокөліктер, моторлы қайықтар, катерлер және басқа да техника бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Челябі және Қорған облыстарының су қызметтерімен, «Қазгидрометпен», Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен тұрақты түрде ақпарат алмасу жүргізіліп отыр. 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындықты үйлестіру бойынша облыстық жедел штабпен кеңестер өткізіліп жатыр», – деді «Қазсушардың» Қостанай филиалының директоры Мұхтар Жұманов.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

05.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Қандастарымыздың оралуына зор тосқауыл қоятын пилоттық жоба қайта қаралуы тиіс!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.02.2026 506
Екі достың арасын не бүлдірді?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 19.02.2026 254
Бізге қандай  өзгеріс қажет?
Болат ДҮЙСЕМБІ, экономист-саясаткер, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - 12.02.2026 328

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23725
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23381
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40158
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36849
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41050