Қостанайда аудандық ауыл әйелдерінің форумы өтті

Қостанайда аудандық ауыл әйелдерінің форумы өтті

2 тамыз 2024 жыл.  Республиканың ең белсенді ауыл әйелдері бас қосып, ауылдың тұрақты дамуына қатысты сындарлы ұсыныстарын білдіре алатын форум осымен алтыншы рет өткізіліп отыр. «Ауыл әйелдерінің форумы» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту арқылы ауылдың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттырудың жолдарын іздейтін, бастамаларды талқылайтын алаңға айналды.

Көшбасшы әйелдердің қатысуымен өтетін шаралар марафоны Қостанайдан бастау алды. Бүгінгі жиынға Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері бас қосты. Осынау ауқымды жұмыстың нәтижесі биылғы жылдың қараша айында Астанада барлық облыстардан келген делегациялардың қатысуымен өтетін ауыл әйелдерінің VII республикалық форумы болмақ.

– Соңғы алты жылда аймақтарда ауылдық әйелдер форумын өткізу дәстүрге айналды. Жеке шаруа қожалықтарының дамуын, мемлекеттік бағдарламалардың жаңалықтарын, әлеуметтік саладағы жетістіктерді бас қосып, талқылап жатырмыз. Форумға қатысушылар Coca-Cola Belesteri жобасының бизнес негіздері және Farmer school онлайн фермерлік шаруашылығы бойынша тренингтер арқылы практикалық білім алады», - деп түсіндірді Қазақстан ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің IV,V,VI  шақырылымдары депутаты Майра Айсина..

 

 

 

Форумға келген 200 жуық қонақтардың ішінде кәсіпкерлер мен әлеуметтік нысандардың өкілдері бар. Қатысушылардың одан да көп саны Қостанайдағы форумға онлайн қосыла алды. Кәсіпкерлер еңбегінің жемісін жыл сайынғы «Coca-Cola Белестері» байқауының жеңімпаздары мен Қостанай облысының қолөнершілерінің қатысуымен ұйымдастырылған өнім жәрмеңкесінде көруге болады. Қонақтар қолдан жасалған зергерлік бұйымдарды, қолөнер, сүт өнімдерін, ойыншықтарды, үй тоқыма бұйымдарын және сәндік бұйымдарды сатып алуға мүмкіндіктері болды.

Өңірлік форумдардың нәтижесі қарашада Астанада өтетін Қазақстан ауыл әйелдерінің VII республикалық форумы алаңында әр облыстан келген делегаттардың қатысуымен өтеді.

 

Форумды ұйымдастырушылар «Қазақстанның ауыл әйелдерінің форумы», «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ.

Серіктестер: «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Әлеуметтік динамика» Қоғамдық қоры, «Coca-Cola» Халықаралық Қоры.

 

 

02.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 330
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 323
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 946

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9021
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8417
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11644
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9400
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10627