ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың назарына! Аруларымызды Ата Заң арқылы қорғайық!

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың назарына! Аруларымызды  Ата Заң арқылы қорғайық!

Қазақ қызын әрдайым оң жақта ұстап, оны сыртқы көзден, сұғанақ жандардан қорғап, аялап құтты орнына қондыруды алдына міндет, парыз етіп қойған. Қыздарын намысты, тәрбиелі, өнерлі, сегіз қырлы, бір сырлы етіп өсірген. Себебі қыз – болашақ ана, ұлттың, ұрпақтың тәрбиешісі. Ел болашағы ананың қолында, оның тәрбиесінде екенін қазақ бабам жақсы білген. «Ел болам десең, бесігіңді түзе…» деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов осындай түйінді әрі ұлағатты сөзін қалдырған. Осы сөзде терең мағына жатыр. Ғасырлар бойына көк бөрідей бабаларымыз, нәзік жанды, аяулы қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай көздерінің қарашығындай сақтады. 

Біз қазір бабалар қалдырған сара, ұлағатты жолдан адасып қалдық. Кеңес өкіметі Алаш жұртының қуатты көзі қайда жатқанын жақсы білді. Бұл айбарлы да қайсар елді жою үшін олардың аналарын, қыздарын бұрынғы салт-дәстүрінен айыру қажеттігін ұғынды. Қазақ қыздарын «сендер ер-азаматтан кем емессіңдер. Үстемсіңдер, ақылдысыңдар» деп ер-азаматтармен теңестіріп, оларға сан түрлі қызметтер берді. Аруларымызды нәзіктіктен айырып, дөрекілікке баулитын жұмыстарға жекті. Олар келе-келе ұрпақ тәрбиесінен гөрі қызметтерін жоғары қойды. Кәрі қыздар көбейді. 

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін біз өз салт-дәстүрімізге қауышып, бұрынғы ата-баба жолын ұстануымыз қажет еді. Елдегі әлеуметтік, экономикалық жағдай оған дес бермеді. Ала қоржын арқалаған  нәзік жанды, аяулы жандарымыз күнкөрістің қамымен кім көрінгенге жәутеңдеді. Жоқшылық тіптен қыздарымызды жезөкшелікке баруға мәжбүр етті. Көптеген қыздарымыз келімсектердің қолтығында кетті. Олар қыздарымызға үйленіп қойған жоқ, әртүрлі анайы мақсаттарға пайдаланды. Елімізде аяулы қыздарымызды қорғай алмай отырмыз. «Ұлтыңды сақтаймын десең ұлыңды, еліңді сақтаймын десең қызыңды сақта!» деген қағидаттан айрылып қалдық.

«Ерді намыс өлтіреді» демекші, біз ұлтымызды, ұрпағымызды, мемлекетімізді сақтау үшін жедел түрде қам жасап, тегеурінді әрекеттер жасамасақ, ертең кеш болады. Қазір Ата Заңымыз жазылу  үстінде. Аяулы аруларымызды сақтауға осы ұлы заңымызға арнаулы бап кіргізуіміз керек. Мәселен бұл жөнінде көптеген елдер қыздарын, рухани байлығын иемденбеу үшін мынадай шараларды жүзеге асырған келімсектер қыздарын алуға байламға келсе, ол елдер белгілі бір құн төлеуге мәжбүрлейтін заң шығарған. Мысалға қарымтасына Түркіменстан 50 мың, Өзбекстан 40 мың, Түркия 80 мың, Әзербайжан 50 мың доллар талап еткен. Жапондар қыздары шетелдікке шықса, азаматтықтан шығарады. Кореяда да солай. 22 араб елінде қыздарына шетелдікке тиюге тыйым салған. Израиль Қытайға қызын бермейді. 

Міне біз де өз қызымызды қорғайық. Бүгін сол себептен де редакциямыз осындай үндеу жариялап, халқымыздың назарына ұсынып отырмыз. Қолдаңыздар! Осы арқылы аруларымызды қорғаңыздар!

«Qazaqstan dauiri» газеті, «Мөлдір бұлақ» 

журналы, «Елана» сайты ұжымдары

05.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23729
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23387
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40174
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36853
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41055