Құландының ырысын көбейткен субсидия

Құландының ырысын көбейткен субсидия

Ауыл әкімі Санат Төкеновтің айтуынша, ауылдық округте 106 шаруа қожалығы мен 175 жеке шаруашылық тіркелген.  Халықтың басым бөлігі адай жылқысын баптайды. Өткен жылдармен салыстырғанда жылқы саны 6,9 пайызға артқан. Бұған асылтұқымды малды субсидиялау себеп болған. 

Былтыр құландылық 6 шаруа қожалығы асылтұқымды малға 8 миллион теңгеден астам субсидия алған. Ал биыл субсидия көлемі өседі. 2022 жылдың соңында субсидия алуға құжаттарын тапсырған 7 шаруа қожалығы 14 миллион теңгеге жуық мемлекеттік қолдауға ие болады. Сонымен қатар 2023 жылдың мамыр айынан бастап өтініштер қабылданады.

Былтыр облыста 330 ауылшаруашылығы субъектісі жалпы сомасы 702 млн теңгеге мемлекеттік қолдау алды. Оның 14-і – Қарақия өңірінен.

Маңғыстау облысының әкімі халықпен кездесуінде ауылшаруашылығымен айналысатын азаматтар мемлекеттік қолдау ала алатынын атап өтті.

– Ауылшаруашылығы – барлық елдің экономикасы үшін маңызды сала. Себебі ол халықты азық-түлікпен, күнделікті өмірге қажетті киім-кешек тігуге арналған шикізатпен және тоқыма материалдарымен қамтамасыз етеді.  Өңірде ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар, субсидия және несие түрінде жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мойындау керек, мұнай саласында барлығын жұмыспен қамту мүмкін емес, сондықтан жаңа мүмкіндіктерге назар аудару қажет, соның бірі – ауылшаруашылығын дамыту, – деді Нұрлан Ноғаев.

 

ГОЛРОХ ЖЕМЕНЕЙ
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 343
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 487
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 332
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 191

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18247
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18107
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33296
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31846
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35563