Ауданның спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – аудан тұрғындарының дені сау ұлт болып қалыптасуын қамтамасыз етуге және дамытуға негіз болатын бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
2022 жылдың 6 наурызы күні Талас ауданы, Қаратау қаласы, Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 1976-1977 жылы туылған ардагерлер арасында кіші футболдан «Талас ауданы әкімінің Кубогы» өтті.
Бұл дүбірлі додада, аудандардан, ауылдық округтерден құралған құрама командалармен қатар Алматы қаласынан келген қонақтарымыз өзара бақ сынасты.
Жарыстың қорытындысына сәйкес, 4-ші орынды Сарысу ауданы құрама командасы иеленсе, жүлделі 3-ші орынды Байзақ ауданы құрама командасы алды. Жарыстың күміс жүлдесіне Меркі ауданы құрама командасы табан тіреді.
Алматы қаласы құрама командасы жеңімпаз атанды. Жарыстың басты мақсаты – ауданымызда бұқаралық спортты барынша дамыта отырып, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.