Биыл еліміздің қазынашылық жүйесінің құрылғанына – 30 жыл. Осы жылдар ішінде қазынашылық мемлекет қазынасын тиімді жұмсауды және оның сақталуын қамтамасыз ететін орган ретінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алуына байланысты және нарықтық экономика жолына қадам басқан сайын бұрынғы экономикалық құрылымдарды, ең алдымен барлық мемлекеттік қаржылық бақылау саласын реформалау қажеттілігі туындады.
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов аудан әкімдігінде ауданның қаржы саласының дамуына қосқан мол үлесі, ұзақ жылғы жемісті еңбегі және Қазынашылық жүйесіне 30 жыл толу кәсіби мерекесіне байланысты аудандық қазынашылық басқармасының қызметкері Ахметова Райхан Рахымжанқызын және ауданның орман шаруашылығының дамуына қосқан үлесі мен ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін орман шаруашылығының ардагері Жаңабек Абдраймовты «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттап, құрмет көрсетті.
Құрметті қазынашылық жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері, Қазынашылық жүйесінің 30 жылдық мерей тойымен баршаңызды құттықтаймыз! Қазынашылықтың туы әрдайым жоғары желбіресін! Еліміз тұтас, жеріміз бүтін болсын, біз мемлекетіміз бен қоғамымыздың дамуына үлкен үлестер қоса берейік.