«ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан азаматтарға «Сарысу ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды.
Сарысу аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 7 желтоқсандағы №36-8 шешімімен «Сарысу ауданының Құрметті азаматы» атағы мемлекеттік қызметтің ардагерлері, ардагер құрылысшылар Нұрмаханов Серік Игенұлына, Орымбаев Жұмәлі Наргелұлына, білім саласының ардагері Қырғызбаев Сахарай Бөгенбайұлына, ауылшаруашылығы саласының ардагерлері Қажыкенов Тобақабыл Үсенбайұлына және Майыров Жансерікке берілді.
Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев пен Сарысу аудандық мәслихат хатшысы Асанбай Сейналиев азаматтарға ауданның «Құрметті азаматы» төсбелгісі мен куәлігін салтанатты жағдайда табыс етті.
Ауданымыздың "Құрметті азаматы" атанған ардагер ағалар ауданның дамуына қосқан үлесі мен ұзақ жылғы қажырлы еңбектерін бағалап отырған аудан басшыларына ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін айтты.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
15.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6399
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6532
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21509
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20129
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23612