Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік ұлық мереке! Ұлттық мереке! Бұл күн ұлтымыз үшін өшкені жанып, жоғалғаны табылған қасиетті күн!
Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнінен артық мереке жоқ!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күн - сонысымен де құнды! Сонысымен де мұңды!
16 желтоқсан – біздің еліміздің әрбір азаматы үшін аса қастерлі мереке. Бұл күн – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған ең асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі етіп, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Бұл үлкен жетістік! Бұл толағай табыс!
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ! Табандылықпен, өлермендікпен, талас-тартыспен келді. Сондықтан да қастерлі! Сондықтан да қасиетті! Осыны келер ұрпақ есінен шығармауы тиіс!
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, береке-бірлік, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз! Отанымыздың тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын, ағайын!
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты, Тәуелсіздігіміз тұғыры биік болсын!
Құрметпен:
Elana.kz, QAZAQSTAN DAUIRI. KZ сайттары
және
QAZAQSTAN DAUIRI» халықаралық, қоғамдық танымдық газеті ұжымы














