Құрық портының қуаты еселенді

Құрық портының  қуаты еселенді

БАҚ өкілдері бас сұққан тағы бір аймақ Құрық порты еді.  Құрық порты – халықаралық көлік дәліздерін қалыптастырып, көлік инфрақұрылымын жаңғырту арқылы нарықтың жаңа сегменттеріне шығуға мүмкіндік беретін және  аймақтың экономикасын дамытуға ықпал ететін жетекші жоба. Порттың теміржол паромдарына қызмет көрсетуге және автокөлік құралдарын өткізуге арналған  қос айлағы, сонымен қоса кемелердің барлық түрін қабылдауға арналған әмбебап айлағы бар.  Бүгінде порттағы  тарифтік саясатты тиімді бағытта бағдарлау, сенімді, қауіпсіз әрі жедел жүк тасымалын қамтамасыз ететін жаңа тетіктерді іске қосу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Құрық портын толық қуатта іске қосу, толассыз жүк тиеу-тасымалдау үрдісін үзбей, үздіксіз қамтамасыз ету үшін  бір-біріне берік байланған халықаралық деңгейдегі логистикалық тізбектің бірізді әрі мінсіз қызметін ұйымдастыру секілді маңызды экономикалық мәселелер оңынан шешілуде. 

– Былтыр Құрық порты бес жылдық мерейтойын атап өткен еді. Биыл порттың жүктемесі, яғни тасымал көлемі екі есеге ұлғайды. Бұған паромдар санының көбеюі сеп болып отыр. Сондықтан «Қазақстан теміржолы» тарапынан қосымша екі тепловоз іске қосылды.  Мінеки, осыған орай біз порттың транзиттік әлеуетін арттыруға күш салып жатырмыз. Порт арқылы вагондардың ғана емес, автокөліктердің де тасымалы жүзеге асады, бұл тұста Түркияның логистикалық әлеуеті көліктермен байланысты екенін ескеріп,  халықаралық көлік дәліздерін дамытуға ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Өткен айда 2 мың тоннаға дейінгі жүк тасымалы жүргізілді. Маусым айында транзиттік әлеуетті төрт есеге ұлғайтуға жұмыс жасаймыз. Әрине, Каспий теңізіндегі ауа райының құбылуы өзіндік әсерін тигізеді. Әзірге елімізде жеке паром жоқ. Алдағы уақытта отандық 4 паромды  құрастыруды көздеп отырмыз. Паром кешенін іске қосу арқылы отандық теңіз флотын қалыптастыру Каспий маңы елдерімен саяси-экономикалық серіктестіктің тінін бекіте түсті. Порт аумағындағы барлық инфрақұрылымдық нысандар халықаралық талаптарға сәйкес озық үлгідегі  құрал-жабдықтармен жасақталған. Кедендік ресімдеу пунктінде барлық іс-шаралар «бір терезе қағидаты» бойынша жүргізіледі. Порттан 3 шақырым жерде іріктеу станциясының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жұмыстың бәрі дерлік Құрық портының дамуына оң серпін береді, – деді «Құрық порты» ЖШС директоры Серік Ахметов.

 С.Ахметовтың сөзіне сүйенсек, теміржол паромдарына қызмет көрсететін айлақ арқылы  жылына 4,1 млн тонна жүк тасымалданады. Порттың тиеу қуаты бір деңгейлі паромды  6-8 сағатта өңдеуге,  ал екі деңгейлі паромды 10-12 сағатта өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл – порт кешенінде күніне 5-8 паром өңделеді деген сөз.  Теміржол паромдарына 54 вагонды тиеуге мүмкіндік бар. 

Құрық порты арқылы мұнай өнімдері, астық, көмір, тыңайтқыш,  химиялық өнімдер, металл, халық тұтынатын тауарлар және контейнерлер тасымалданады. Импортты азық-түлік өнімдері, өнеркәсіптік жабдықтары, құрылыс материалдары және басқа да жүктер құрайды. Порт арқылы транзитпен әртүрлі жабдықтар, электроника, тоқыма, химия өнімдері, металл бұйымдары өтеді.

 

Голрох Жеменей, Маңғыстау облысы
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 70
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 71
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 183
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 400
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 363
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 981

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9059
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8456
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11683
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9445
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10663