«Qazaqstan dauiri» халықаралық, қоғамдық саяси-танымдық газетінің Жамбыл облысындағы үйлестірушісі қызметіне белгілі журналист Жасұлан Әбдіманап тағайындалды. Жасұлан Әбдіманап журналистика және мемлекеттік қызмет салаларында ұзақ жыл еңбек еткен. Ол өзін білікті маман, тәжірибелі журналист, білгір басшы ретінде көрсете білген азамат. Жаңа үйлестіруші алдағы уақытта басылымға жазылымның санын арттыруға және сараптамалық материалдар әзірлеу бағытында жұмыс істейтін болады. Әріптесімізге жаңа қызметінде табыс, ісіне сәттілік тілейміз!