Құттықтаймыз

Құттықтаймыз

Берік Уәли – Абай облысының әкімі

Президент Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды. Өңір активіне жаңа әкімді Премьер-министр таныстырды. Ал бұрынғы басшы Нұрлан Ұранхаевқа аймақтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Жаңа әкім Берік Уәлиге бірқатар міндет жүктелді. Абай облысының экономикасын әртараптандырып, инвестициялық ахуалды жақсартуы қажет. Шығыстың жауһары саналатын Алакөл көлінің, өңірдегі тарихи және мәдени орындардың әлеуетін ашып, туризм саласына ерекше көңіл бөлуі маңызды. Берік Уәли Абай облысының тумасы, 48 жаста. Еңбек жолын тілшілік қызметтен бастаған. Кейін облыстық әкімдіктерде, партияда, министрліктерде түрлі қызмет атқарды. Президенттің баспасөз қызметін екі рет басқарды. 2019-2022 жылдары және 2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.

Нұрымбет Сақтағанов – ШҚО әкімі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ол Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Жаңа әкімнің кандидатурасын облыстағы барлық деңгейдегі депутаттар қолдап дауыс берді.

Бұдан соң Нұрымбет Сақтағановты Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай облыс активіне таныстырды. Жаңа тағайындалған облыс әкіміне Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар міндеттер жүктеді.

Қос әкімді жаңа лауазымдарымен құттықтай отырып, қызметтеріне сәттілік тілейміз!

ҚД газеті

20.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 15549
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 14314
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 17616
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 16498
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 21531