Астана қалалық мәслихатының жаңа төрағасы болып Зейнұлқабден Табиғат сайланды. Бұл шешім мәслихаттың кезекті сессиясында қабылданды.
Зейнұлқабден Табиғат С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті (1998 ж.), «Экономист-менеджер» мамандығын; М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университеті (2002 ж.), «Құқықтану» мамандығын; М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (2002 ж.), «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығын бітірген тәжірибелі мемлекеттік қызметкер. Ол бұған дейін түрлі жауапты қызметтерді атқарып, елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосқан. Жаңа төраға өз жұмысы барысында мәслихаттың тиімділігін арттыруға, тұрғындардың сұраныстарын тыңдап, өзекті мәселелерді шешуге басымдық беретінін атап өтті.
Сессия барысында депутаттар мәслихаттың алдына қойылған міндеттерді талқылап, қаланың даму жоспарларын жүзеге асыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Әсіресе, қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және экологиялық ахуалды жақсарту мәселелері ерекше назарға алынды.
Бақтияр Мәкеннің төрағалық қызметіне кірісуі елорданың дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде. Мәслихат алдағы уақытта халықтың игілігі үшін жұмысын жалғастырады.
Саяжан ҚАЙДАР