Қыдыралыұлы: Келісіп пішкен тон келте болмайды

Қыдыралыұлы: Келісіп пішкен тон келте болмайды
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы аудандық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамымен кездесу өткізді. Кеңес мүшелерімен емен-жарқын әңгімелесіп, елге ортақ өзекті мәселелерді талқыға салды. Шешімін күткен түйткілді мәселелер де жоқ еместігін ашық айтып, шешу жолдарын жан-жақты қарастырып жатқанын жеткізді.
– Бұрындары әкімдер жылына бір-ақ рет есеп беретін. Биылдан бастап формат өзгертілді. Енді әкімдер тоқсан сайын халықпен кездесулер өткізіп, атқарылған жұмыстар бойынша есеп береді. Өткен кездесулерде көтерілген мәселелерді зерделедік. Арасында шешілген мәселелер де бар. Түйіні тарқатылғанымен, шешілмей жатқан мәселелер де жоқ емес. Барлығын бір жылда шеше алмаймыз.
 
Бұл мүмкін емес. Бұны ашық айтумыз қажет. Халықты алдамау керек. Кез келген мәселенің басын ашып, түсіндіріп айтсақ, халық бізді түсінеді. Мәселелер бірден емес, өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешіледі. Біз өзіміз бұған мүдделіміз. Сөзімізді ісімізбен дәлелдейік. Сонда ғана халықтың бізге деген сенімі артады.
Мен өзім осы өңірдің азаматы болған соң жергілікті жұртшылықтың мұң-мұқтажын жақсы білемін. Есепті кездесулерде бірқатар мәселе көтерілді, бәрін де назарға алдым.
 
Ең өзектісі – жол, ауызсу, газ. Бүгінде бұл бағытта жұмыс жасалып жатыр. Өзге де мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қоғамдық кеңестің қоғамдағы рөлі ерекше. Кеңес мүшелері елге сыйлы беделді азаматтар. Бұны бәріміз жақсы білеміз. Ел-жұрттың ішінде көп жүресіздер. Ауылдағы ағайынды бірлікке, ынтымаққа үндейтін де, жақсысын асырып, жаманын жасыратын да, бұзығын тәртіпке салатын да өзіңізсіздер. Келісіп пішкен тон келте болмайды. Біз бірлесіп жұмыс жасаумыз керек. Барлығымыздың көздегеніміз бір, ол – ауданымызды өсіп-өркендету. Мен үшін бұл аса маңызды. Ортақ істе жеке бастың мүддесі деген болмайды. Соны түсінгеніміз жөн. Біз жөнсіздікке жол бермейміз. Ауданның, елдің игілігі үшін бірге жұмыс жасаймыз, – деді Ерлан Қыдыралыұлы өз сөзінде.

Жамбыл ауданы әкімдігі
22.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 231
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9103
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8501
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11728
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9494
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10710