Қылмысқа қарсы күрес жайы қаралды

Қылмысқа қарсы күрес жайы қаралды

Кеше облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті екінші сессиясы өтті. Сондай-ақ, оған облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының облыстық департаменттерінің басшылары, Тараз қаласы және аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, тиісті мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары да қатысты. Сессияны облыстық мәслихаттың хатшысы Абдалы Нұралиев ашып, жүргізіп отырды. Жиында «Облыс аумағында құқықбұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің жағдайы, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы» облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов баяндама жасады.  – Өткен жылы учаскелік полиция инспекторлары 62327 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Нәтижесінде 156 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 55 азамат әкімшілік қамаққа алынды. Отбасы- тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы әрекеттер, денсаулыққа қасақана жеңіл дәрежедегі зиян келтіру, ұрып-соғу деректерімен 1295 тұлға жауапкершілікке тартылды. Арнайы емдеу мекемесіне мәжбүрлеп емдеуге 118 адам, оның ішінде 93 маскүнем және 25 нашақор жіберілді. 2022 жылы «Дағдарыс орталығына» қиын жағдайға тап болған 61 әйел 157 баласымен жеткізілді. Өткен жылы 346 942 жол ережесін бұзу дерегі мен жылдамдық режимін асырғаны үшін 212 844 құқықбұзушылық анықталды. Сондай- ақ, көлікті мас күйде басқарған 870 оқиға анықталып, 844 жүргізуші қамауға алынды. 1587 рет автомобиль жолдарына тексеру жүргізіліп, ұзындығы 12 360 шақырым жол бойында 10 654 ақау анықталды. Жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 125 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдарының материалдық- техникалық жарақтандырылуы жайына қысқаша тоқталсақ, өңірдегі учаскелік полиция пункттерінің 163-і жылумен қамтамасыз етілген, ал 18-інде жылыту жүйесі қарастырылмаған. Облыстық полиция департаментінде учаскелік полиция инспекторларының штаттық саны 439 және олардың көмекшілері 85 қызметкерді құрайды. Тұрғылықты мекенжайлардың болмауына байланысты бүгінде 39 учаскелік инспектордың өз аумағында тұруына мүмкіншілігі болмай отыр. Бүгінде облыс халқы санының өсуіне байланысты қосымша 154 учаскелік полиция инспекторы және 288 көмекші қажет болып отыр. Патрульдік полиция қызметкерлерінің саны да жетіспеуде, тиімді жұмыс істеу үшін қосымша 544 патрульдік полиция қызметкері қажет, – деді Құрмет Кенжеханұлы. Сондай-ақ, сессияда облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Сессияда облыс әкімі Нұржан Нұржігітов сөз сөйледі. – Бүгінгі жиында депутаттар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, бірқатар кемшіліктер көтерілді. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғайтын полиция мекемелерінің материалдық- техникалық жарақтандырылуы жайына келсек, оларды жақсарту жергілікті басқару органдарының міндеті. Биыл өткен жылға қарағанда осы салаға 5 миллиард теңгеден астам қаражат артығымен бөлініп отыр. Оның ішінде құқық қорғау қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға көтеру, оларды автокөліктермен, тиісті керек-жарақтармен, арнайы киімдермен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылған. Бұл салаға алда тағы да қосымша қаражат бөлуді ойластырып отырмыз. Ал штатты көбейту мәселесіне келсек, егер Ішкі істер министрлігі арнайы қаулы шығарып жатса, біз қажетті қаражатты бөлуге дайынбыз. Тағы бір айтпағым, облыс аумағындағы жол-көлік апатын азайту үшін тұрғындардың жол қауіпсіздігі ережесін сақтап, жалпы халықтың жолда жүру мәдениетін көтеру жұмыстарын жандандыруымыз қажет. Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын тұрғындар арасында көптеп жүргізу керек, – деді облыс басшысы. Сессияда басқа да бірқатар мәселелер қаралып, соңында тиісті шешімдер қабылданды.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП
25.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 19
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 27
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 8
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 13
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 17
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 15
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 29
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 27
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8944
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8336
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11564
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9322
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10548