Қысқы мал азығы дайын ба?

Қысқы мал азығы дайын ба?

Алда қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Малдың жем-шөбін әзірлеу – ауылшаруашылығы саласының ең маңызды міндеттерінің бірі. 

–  2021-2022 жылдардағы мал қыстату науқанына Ақтөбе облысы бойынша 787,6 мың бас ауыл шаруашылығы малы түседі деп жоспарлануда. Бұл көрсеткіш өткен мал қыстату кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға артық. Биыл облыс бойынша мал қыстату науқанына 2 671,2 мың тонна шөп дайындау тапсырмасы берілді. Бүгінде облыс бойынша 2 499,5 мың тонна шөп дайындалды немесе тапсырма 93,6 пайызға орындалды. Нақты 1 га түсім облыс бойынша 1,5-2 центнерді құрап отыр. Облыста мал азығын дайындауға жер көлемі, керекті техника және жұмыс күші жеткілікті. 

Сондай-ақ мемлекеттік орман қорының жерлері туралы ақпаратына сәйкес, 29,0 мың гектар жайылым жер және 3,3 мың гектар шабындық жерлер шөп шабу мақсатында берілді,  –  дейді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Панабек Бимұратов.

Панабек Бимұратовтың айтуынша, биыл ауа райының ерекшелігін және көршілес өңірлерде орын алып отырған қуаңшылықты ескере отырып, мал азығын дайындау барысында уақытты және қолда бар мүмкіншіліктерді барынша тиімді пайдалануды, аудан әкімдіктерімен жайылым жерлері пайдалануға келмейтін шаруашылықтарға уақытша жер бөлу мәселесін жеделдетіп шешуді және мал басы көп шаруашылықтарға бос тұрған алыс жайылымдардан уақытша жер учаскелерін белгілеп, малдарын сол жаққа көшіруді ұйымдастыру жұмыстары аудандық және ауылдық округ әкімдіктеріне тапсырылып, жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай-ақ ауылшаруашылығы техникаларының дайындығын және өртке қарсы іс-шараларды ұйымдастыруды, жайылымды схемаға сәйкес пайдалану, қысқы мал азығын дайындау барасын қадағалау үшін жергілікті атқарушы орган, маслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен жұмыс тобын құру тапсырмалары берілген. 

– Облыс бойынша шөп шабу науқанына барлығы 3277 трактор, 2817 трактор тіркемесі (прицеп), 1802 шөп шабатын машина (косилка), 1270 шөп тырмалары (грабли), 950 пішен пресі (пресс-подборщики) жұмылдырылды.

2021 жылға ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыты бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6,7 млрд  теңге субсидия қаражаты бөлінді. Бүгінгі күні субсидияның бұл бағыты бойынша облыс шаруашылықтарынан 6,5 млрд теңгеге 2 111 өтінім түсіп, шаруашылық есеп-шоттарына аударыла бастады. Қазан айында мал азығына арналған субсидия қаржысын шаруашылықтар есеп-шоттарына аударылу жұмыстары аяқталады, – дейді Панабек Бимұратов.

Ақтөбе облысында мал шаруашылығы саласында субсидия беру 2002 жылдан бері 3 миллионнан 13 миллиард теңгеге дейін өскен. Панабек Бимұратовтың айтуынша, мал шаруашылығына беріліп отырған мұндай көмек нәтижесінде мал басын арттыруға септігін тигізіп отыр екен. 

– Осы мал азығын құнын арзандату бағыты бойынша біз былтыр ауылшаруашылығы құрылымдарына 5,5 миллиард теңгедей қаражат берсек, биыл 6,5 миллиард теңгедей қаражат берілмек. Соның есебінен берілетін субсидия көлемі 13 миллиард теңгедей болып отыр. Субссидия шаруалар үшін үлкен көмек болып отыр: Мал басы 7 пайыздан 24 пайызға дейін мал басы артты. Әсіресе жылқы малы саны көбейді.  Бүгінде облыста ірі қара саны 531,4 мыңға, жылқы малы 178,1 мыңға жетіп отыр, – деді П.Бимұратов. 

П.Бимұратовтың айтуынша, облыста 6 мыңнан астам әр түрлі құрылымдағы шаруашылық субьектілері бар. Соның 5900-ы   шаруа қожалықтары. 

Мемлекеттің мал шаруашылығы бағытындағы субсидия түріндегі көмегін бүгінде осының үштен бірі алып отыр. 

–  Облыс әкімі Оңдасын Оразалин субсидияның берілуін өзі қадағалап отыр. Алдағы жылы шаруалар мамыр-маусым айларында мал азығын әзірлеуге тыңғылықты дайындалуы үшін өтінімдерді ертерек қабылдайтын боламыз. Малға берілетін субсидия көлемі  –  ірі қараға 30 мың теңгеден, жылқы, сиырға 20 мың теңгеден, қой мен ешкіге 5 мың теңгеден. Бұл ретте ірі қара мал масы  50 бастан, қой 300 бастан, ешкі 50 бастан кем болмауы тиіс, – дейді П.Бимұратов.

Мейрамгүл САТАЕВА, Ақтөбе облысы
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 60
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 53
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 532
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 482

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9186
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8584
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11812
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9581
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10794