Қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мақсатында белсенді шараларды қабылдайды.

Мәселен, жуырда Департамент жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындаудан негізсіз бас тартуға қатысты арыз иесінің шағымын қарастырды.

Арыз иесі 2024 жылғы 12 наурызда жүктілікке және босануға, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылуына, асыраушысынан, жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметтерін алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Астана қаласы бойынша филиалы арқылы өтінім берген.

Алайда арыз иесінің сұрау салуы құжаттар топтамасының толық еместігіне байланысты пысықтау үшін 5 рет кері қайтарылған. Қызмет алушы себептерді анықтау және кемшіліктерді жоюмақсатында Мемлекеттік корпорацияға бірнеше мәрте қайырылғаныменталап етілетін құжаттар тізімі туралы түрлі жауаптар алып отырған.

Жолданымды қарастыру мақсатында Департамент Астана қаласы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалына сұрау салды.

Нәтижесінде арыз иесінің 21.04.2024 жылғы«Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем тағайындау», 13.05.2024 жылғы «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау» туралы өтінімдері
6 және 16 мамыр күндері оң шешімін алғаны анықталды. 

Осылайша қызмет алушыға аталған әлеуметтік төлемдер тағайындалды. Дер кезінде қабылданған шаралар мен арыз иесінің мәселесі шешілуіне байланысты шағым кері қайтарып алынды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде құқықтар бұзылған немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге қатысты ұсыныстар болған жағдайда азаматтар Сарыарқа даңғылы, 13 мекенжайы бойынша Департаментке жазбаша түрде немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы электронды түрде, сонымен қатар EgovKzBot2.0 «Кеңес1414» телеграм-боты арқылы жүгіне алады.

21.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 53
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 580
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 694
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 609
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 618

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367