Қызылорда – Жезқазған жолы қашан жөнделеді

Қызылорда – Жезқазған жолы қашан жөнделеді

 

 

Қарағанды облысында киелі жерлерге апаратын жолдарды салуға кірісті. Биыл екі кесенеге жайлы жол құру көзделіп отыр. Ауылдардың ішіндегі жолдарды ретке келтіру жалғасады. Осакаровка және Нұра арасындағы нашар жол қалпына келтіріледі. Жалпы алғанда, республикалық, облыстық және жергілікті трассаларда 1 400 шақырымға жуық жол жөнделеді.

Алдағы маусымға арналған жоспарлар туралы Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Саят Шаймин айтып берді.

– Автоәуесқойларды немен қуанта аласыз?

– Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары жол жұмыстарының ауқымы айтарлықтай өсті. Биылғы жылы инфрақұрылымды жақсартуды жалғастырамыз. 1 336 шақырым автожолды жөндеу жоспарланған. Бұл тек республикалық және облыстық маңызы бар магистраль ғана емес, сонымен қатар қалалар мен аудандардағы жолдар.

Республикалық маңызы бар Қарағанды – Балқаш және Балқаш – Бурылбайтал автожолдарының учаскелерін қайта жаңарту жалғастырылады. Жаңа жолмен көліктер қазірдің өзінде жүріп жатыр, бірақ кейбір жерлерде айналма жолдар қалды. Міндет – мүмкіндігінше тезірек жаңа жолды толығымен ашу.

Тағы бір көптен күткен жоба – ұзындығы 208 шақырым болатын Қызылорда –Жезқазған автожолын қайта жаңарту. Мердігерлерді таңдау бойынша конкурс жарияланды. Оның нәтижелері көктемде белгілі болады. Жөндеуге биыл кірісуі тиіс. Қаржыландыру Азия Даму Банкі арқылы жүзеге асырылады.

Жезқазған – Қарағанды жолын қайта жаңарту үшін ЖСҚ әзірлеу басталды.

Облыстық жолдар бойынша жалпы ұзындығы 464 шақырым болатын 29 нысан салуды жоспарлап отырмыз. Туристер үшін де жақсы жаңалық бар. Биыл Жошы хан мен Домбауыл кесенелеріне жол салынады.

Қайта қалыпқа келтіру жұмыстарымен ұзындығы 131 шақырым жеті жол учаскесі қамтылды. Біз өткен жылы басталған жобаларды аяқтауымыз керек. Бұқар Жырау ауданында бұл Новодолинка – Шахан – Молодецкое, Нұрада – Нұра – Шахтер автожолы, Жартас – Долинка, Қарағанды – Үштөбе – Құрылыс, Осакаровка – Молодежное автомобиль жолдарында жұмыстар жалғасады. Жаңаарқа ауданында Қаражал – Атасу жолы жаңартылады.

Ұзындығы 313 шақырым автожолдардың 20 учаскесінде орташа жөндеу көзделген.

– Ал Нұра мен Осакаровка арасындағы проблемалық жолға қатысты не айта аласыз? Жүргізушілердің қиналуы қашан доғарылады?

– Оның жалпы ұзындығы 83 шақырым. Екі жылда 63 шақырымы жасалды, 20-сы қалды – бұл ең проблемалы учаске. Оны қайта жаңартуға облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Биыл жұмыстар басталады. Онда жарамсыз топырақты ауыстыру керек. Содан кейін асфальтбетон жабынының үш қабаты салынады.

2023 жылы осы жобаны толығымен аяқтаймыз.

– Облыста кентішілік жолдар белсенді қолға алынды. Бұл процесс тоқтамайды ма?

– Жоқ. Биыл "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы бойынша сегіз ауылдық елді мекендегі жолдарды жөндеу жоспарланған. Абай ауданында – Тасзаимка ауылы және Южный кенті, Нұра ауданында – Егінді және Байтуған ауылдары, Бұқар Жырау ауданында – Ботақара аудан орталығы, Шет ауданында – Ақжал кенті, Ұлытау ауданында Қарсақпай темір жол станциясына дейінгі жол жөнделеді. Қарқаралы ауданында Бүркітті станциясына кіреберіс жол ашылады.

– Ал, сапа туралы мәселеге тоқталар болсақ. Кейбір жерлерде асфальт қармен бірге еріп кетпей ме?

– Барлық жобаларды Ұлттық жол активтері сапасы орталығы филиалының мамандары сүйемелдейді. Сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау жүргізіледі. Көктемде тексереміз. Егер қандай да бір ақаулар анықталса, онда компаниялар оларды кепілдік міндеттемелер шеңберінде өз есебінен жоюы тиіс. Құрылыс, реконструкциялау, күрделі жөндеу нысандарында кепілдік 5 жыл, орташа жөндеу кезінде – екі жыл қолданылады.

Жомарт Шаймұрат
21.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 146
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 182
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 179
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 146
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 293
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 291
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 507
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 464

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9164
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11789
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9557
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10769